Жолшылар жаңа қонысқа көшті

Аймақтар
02.02.2026, 12:20
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Сексеуіл жол дистанциясында жұмысшыларға қолайлы еңбек жағдайын жасауға бағытталған маңызды жоба жүзеге асты. Жаңартылған ғимарат теміржолшылардың кәсіби міндетін қауіпсіз әрі сапалы атқаруына толық мүмкіндік беріп отыр.  

Сексеуіл жол дистанциясының жеке ғимараты уақыт өте заман талабына сай келмей әбден тозығы жеткен еді. Ғимараттың ескіруі қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыруға да, еңбек қауіпсіздігі талаптарын толық сақтауға да белгілі бір деңгейде қолбайлау болды. Соның салдарынан мекеме қызметкерлері әртүрлі орындарға бөлініп, бір орталықта шоғырланып жұмыс істеу мүмкіндігі болмады. Нәтижесінде бөлімше басшылығының қолдауымен ғимараттың іші-сырты, шатыры, едені толық жөндеуден өткізілді. Жұмыс бөлмелері қажеттілікке орай кей жерде кеңейтілсе, кейбірі біріктіріліп, енді бірі оқшауланды, есік-терезелер жаңартылып, көп шаруа атқарылды.

Сексеуіл жол дистанциясының бастығы Мұрат Байділдаевтың айтуынша, еңбек адамына жасалған әрбір жағдай – ең алдымен қауіпсіз қозғалыстың берік негізі.

– Теміржол саласында қауіпсіздік бәрінен жоғары. Ал қауіпсіздік тікелей адамның еңбек ету ортасына байланысты. Заманауи үлгіде жөндеуден өткізілген жұмыс орнымыздың пайдалануға берілуі бүкіл ұжымды риза етіп, жұмыстарына жаңа серпін берді десек, қателеспейміз. Қызметкердің жұмыс орны талапқа сай, ыңғайлы әрі қауіпсіз болса, ол өз міндетін де жоғары жауапкершілікпен, сапалы орындайды. Сексеуіл жол дистанциясында жүзеге асқан ғимаратты жаңарту жобасы – осы ұстанымның нақты іс жүзіндегі көрінісі. Бұл – ұжымның бірлігін нығайтып, жұмыс сапасын арттыратын маңызды қадам, – дейді дистанция басшысы.

Ғимарат заман талабына сай құрылыс материалдарымен жаңартылып, жұмыс орындары заманауи талаптарға сәйкестендірілген. Қызметкерлер үшін жайлы еңбек жағдайы жасалып, жұмыс процесін тиімді әрі жүйелі ұйымдастыруға барлық мүмкіндік қарастырылған.  Жаңа жылда жаңа қонысқа көшкен жолшылар ұжымы өздеріне көрсетіліп отырған қамқорлыққа сапалы жұмыспен жауап беруге дайын.  

Айта кетерлігі, Сексеуіл жол дистанциясы өңірдегі ең жас дистанциялардың бірі болғанымен, атқарып отырған қызметінің салмағы жеңіл емес. Әсіресе жаңа телім саналатын Сексеуіл – Қоскөл станциялары бағытындағы жолдардың бабын жасап, талапқа сай ұстау – сексеуілдік жолшылардың жауапты міндеті. Қиындығы мен жауапкершілігі мол осы жұмыстың сапалы орындалуы, сөз жоқ, еңбек жағдайына да тікелей байланысты.

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда