Азаматтық қорғаныс: мұны әркім білуі тиіс

Аймақтар
19.02.2026, 09:15
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

«ҚТЖ-ЖТ» ЖШС Атырау филиалында Азаматтық қорғаныс бойынша «Теміржол қызметкерлері үшін Азаматтық қорғаныстың маңыздылығы» тақырыбында арнайы сабақ өтті.  

Сабақ барысында басшылықтың «Тасымалдау процесін қосалқы басқару пунктіне көшіру» тақырыбындағы бұйрығына сәйкес таныстыру жүргізілді. Яғни құжаттың негізгі талаптары, персоналдың әрекет ету тәртібі және төтенше жағдайларға алдын ала дайындықтың маңыздылығы талқыланды. Сабаққа қауіпсіздік және еңбек қорғау, логистика, өндірістік бөлімдердің инженерлері қатысты.  

– Аталған іс-шараның ерекшелігі – оқу үдерісі алғаш рет Сократ қағидаты бойынша, яғни сұрақ-жауап, пікір алмасу және бірлескен ой қорыту форматында өтті. Бұл тәсіл қатысушылардың тақырыпты терең түсінуіне және Азаматтық қорғаныстың өндірістік қауіпсіздіктегі рөлін нақты ұғынуына мүмкіндік береді. Сабақтың басты мақсаты да қызметкерлердің дайындық деңгейін арттыру, практикалық дағдыларды қалыптастыру және теміржол саласындағы қауіпсіздік мәдениетін нығайту, – дейді шараны ұйымдастырушы және жүргізуші Атырау жүк тасымалы филиалының азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі инженері Нұрлан Сұлтанғалиев.

Сабақ барысында слайдтар арқылы азаматтық қорғаныс жөнінде көптеген мағлұматтар беріліп, нақты мысалдар көрсетілді. Атап айтқанда, эвакуация дегеніміз не, ол қандай жағдайларда болады, сирена ойнауы, жер сілкінісі, су тасқыны, өрт, т.б. төтенше жағдай кезіндегі персоналдың әрекеті, ауаға улы зат тараған кезде, басқа да жағдайларда противогазды дұрыс қолдана білу ережелері түсіндірілді. Әрине зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсете білудің маңызы да айтылды. Өйткені жедел жәрдем бригадасы келгенше алғашқы көмек көп адамның өмірін құтқарып қалғаны – расталған дерек. Содан кейін ой сергіту және жадыны жақсарту бойынша түрлі тесттер мен кроссворд шешу тапсырмалары берілді. Ол бойынша бөлімшенің логистика және өндіріс бөлімі инженерлері тапқырлық танытты. Олардың ішінде Л.Әлімжанова, С.Меңдіғалиева, А.Сыздықова, Қ.Балабаев үздіктер қатарынан көрініп, бағалы сыйлықтарға ие болса, барлық қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары берілді.  

– Бүгінгі сабақ бұрынғыдан өзгешерек болғанын айта кеткім келеді. Жаттанды нәрселер емес, қорғаныс саласы бойынша жаңа, тың деректер айтылды, көрсетілді, түсіндірілді. Осының өзі бізге көп мағлұмат берді. Сонымен қатар Чернобыль апаты, Спетактағы қырғын, Алматыдағы жер сілкінісі, өңірде болған апат-зіл-залалар бойынша тың деректерден хабардар болдық. Жалпы, азаматтық қорғаныстың маңызы, апат кезінде дұрыс әрекет ете білу дағдыларына қанықтық. Сондықтан да осындай шаралар жиі өтіп тұрғаны дұрыс деп ойлаймын, – дейді логистика инженері Ләззат Әлімжанова.

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды