Амал келді, жыл келді...

Аймақтар
16.03.2026, 11:39
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Батыста кеңінен аталып өтетін Амал мерекесін маңғыстаулықтар жылдағы дәстүр бойынша Отпан тауда «Бірлік» отын жағып қарсы алды.  

Алыс-жақын елдерден келген қонақтар түбек халқының бірлігі мен ұлттық дәстүрлерін көріп, қаладан қашықта, теңіз деңгейінен бес жүз метр биіктегі таудың басына жиылған жұрттың ықыласына тәнті болды.  

Тағылымды іс-шаралардың тартымды өтуіне түбек теміржолшылары да атсалысты. Олар Наурызнама онкүндігінің алғашқы күнін «Амал келді, жыл келді...» деп әдеттегідей бір-бірін құттықтап, төс қағыстырып, көрісуден бастады. «Бір жасыңмен, жыл құтты болсын...» деген игі тілектерін жаудырып, жастары үлкендерге көрісе кіріп, алғысын алды.  

Түбек теміржолының бас ғимаратында таңсәріден осылай қол алысып, төс қағысып, амандық-саулық сұрасудан мәре-сәре болған теміржолшылар әрі қарай ақ дастархан басына жиналып, ұлттық тағамдардан дәм татты. Бір шатырды бөлісіп, бір саланың жүгін бірге көтеріп отырған Жүк тасымалы және Магистральдық желі бөлімшелерінің қызметкерлері ұлттық дәстүрді ұлықтауда да ауызбіршіліктің үлгісін паш етті. Бөлімшелер бір-бірімен құда болып, қазақи дәстүрдегі тойдың салт-жоралғыларын көрсетіп, көпшілікке  көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Той ақсақалы – орталық теміржолшылар кәсіби одағының өңірдегі өкілі Сәрсенбай Есенқұлов жыл басы наурыздың бастауы Амал мерекесіне тілек айтып, бата берді.    

Тек бөлімшеде ғана емес, оған қарасты аймақтағы барлық  мекемелерде Амал күнін атап өту, көрісу рәсімдері өтіп, көздің жауын алған ұлттық киім киген теміржолшылар наурыз тойын бастады.    

 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл