Қызылорда жол дистанциясында күрделі жөндеу басталды

Аймақтар
17.03.2026, 08:24
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Күн жылынып, көктем лебі ескеннен Қызылорда жол дистанциясында қарбалас жұмыс қарқын алды. Жолшылар биыл пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауды арттыру мақсатында 33 шақырым жолды күрделі жөндеуден өткізеді.

Дистанция бастығы Марат Оңалов жол жөндеу жұмыстарына ауыр жол машиналары жұмылдырып жатқанын жеткізді.  

– Биыл біздің дистанция бойынша арнайы ауыр жол машиналарын (RM, DM, DGS, PBR,) пайдалану арқылы 33 шақырымдық жол аумағы күрделі жөндеуден өткізіледі. Қазіргі таңда Жалағаш – Қараиірім телімінде ауыр жол машиналары жұмысқа жегіліп, жұмыстары жоспар бойынша атқарылып жатыр, – дейді Марат Оңалов.  

Күрделі жөндеу жұмыстары кезінде дистанция қызметкерлері темір жолдарды тексеру, шпал мен рельстердің беріктігін, қиыршықты және балласты тас қабатының жөндеу немесе ауыстыру жұмыстарының сапалы орындалуын қамтамасыз етеді. Қызылордалық жолшылар биыл күрделі жөндеу жұмыстарын Жалағаш – Қараиірім, Бөрітескен – Жайылма, Жаңақорған – Жетітөбе телімдеріндегі 22,9 шақырым аумақта және Сауран – Шорнақ телімінде – 10,1 шақырымдық аумақта өткізеді.  

Қазіргі таңда дистанция телімдерінде Ақтөбе машиналандырылған жол дистанциясынан РМ, ДМ, ДГС, Unimat ПБР ауыр техникалары, Қырқыншы машиналандырылған жол дистанциясынан ЩОМ, ВПО арнаулы жол машиналары, Луговой РСП-дан ПРСМ ауыр жол машиналары жұмыс жасап жатыр.  

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда