Донор бол – өмір сыйла!

Аймақтар
26.03.2026, 19:16
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылордалық теміржолшылар ерікті түрде «Донор бол – өмір сыйла!» қайырымдылық қан тапсыру акциясына қатысты. Теміржолшылардың бұл жолғы қайырымдылық әрекеті құзырлы органның өтінішіне орай әрі Рамазан айында жасалған ғибратты іс болды.

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің қызметкерлері қан тапсыру акциясына белсене атсалысты. Өйткені олар өз қандары жазатайым оқиғалардан зардап шегіп жарақат алғандарға, дүниеге жаңа келген нәрестелер мен жас аналарға, қатерлі ісік пен ауыр сырқатқа шалдыққан мұқтаж адамдарға ауадай қажет екенін жақсы біледі. Сондықтан «Бір тамшы қан – жанға араша» деген ұстаныммен көмекке асыққан теміржолшылар алдымен қан сараптамасын жасатып, оның нәтижесі анықталған бойда жарамды қан иелері анықталып, қан тапсыру орындықтарына жайғасып жатты. Барлық процесс қан орталығы дәрігерлерінің қатаң бақылауымен атқарылды.  

– Орталық дәрігерлері бөлімше қызметкерлері арасынан 20-дан астам теміржолшыны таңдап алып, көшпелі жағдайда қан қабылдап алды. «Облыстық қан орталығы» басшысы Ж.Үсенов Ербол Сәулебеков басқаратын бөлімше ұжымына алғыс айтты, – дейді кадр бөлімінің басшысы Аида Каналиева.  

 

Спорт
11.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Спартакиадада тарихи жеңіске жеткен спортшылар командасын құттықтады
Жаңалықтар
11.08.2026
Үкіметте теміржол вокзалдарын жаңғырту мәселелері талқыланды
Инфрақұрылым
11.08.2026
ҚТЖ-да инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында ауқымды жұмыс атқарылуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Маңғыстауда рейдтік іс-шаралар жалғасуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Қауіпсіз өткел: Шымкент жол дистанциясында профилактикалық акция өтті
Аймақтар
11.08.2026
Ақтөбе өңірінде жүк тасымалы артты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ құрамасы – үш дүркін чемпион!
Аймақтар
11.08.2026
Абай мұрасы ұлықталды
Жаңалықтар
11.08.2026
Құрметті демалысқа шығарып салды
Жаңалықтар / Мұрағат
11.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №63 11 тамыз 2026 жыл
Спорт
10.08.2026
Нұржан Сағидоллинов армрестлингтен күміс медаль жеңіп алды
Спорт
10.08.2026
Алла Штрошерер ҚТЖ құрамасының қоржынына қола медаль салды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ ерлер құрамасы баскетболдан күміс жүлдегер атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ әйелдер құрамасы волейболдан спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
10.08.2026
Сымбат Нәсіп армрестлингтен чемпион атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ футзалшылары «Самұрық-Қазына» спартакиадасында қола медаль жеңіп алды
Аймақтар
10.08.2026
Қауіпсіздік – баршаға ортақ талап
Әлемде
10.08.2026
Грузия теміржолды жаңартуға 1,7 млрд доллар бөлмек
Әлемде
10.08.2026
ЕО елдерінде халықаралық пойыз билеттерінен ҚҚС-ты алып тастау ұсынылды
Жаңалықтар
10.08.2026
«Қарасора-2026»: есірткіге қарсы күрес