Технологиялық жаңғыру: Қазалы дистанциясының жетістіктері

Аймақтар
06.04.2026, 10:15
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда өңірінің солтүстігіндегі тораптық бекетте орналасқан Қазалы белгі беру  және байланыс дистанциясы пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды орын алады. Бүгінде мекеме Сексеуіл – Жосалы станциялары арасындағы 358 км  мен жаңа телім, Сексеуіл – 10 бекет разъезі аралығындағы 276 км аумақтағы СОБ, байланыс, радиобайланыс және КТСМ-02 құрылғыларына техникалық қызмет көрсетіп отыр.  

Өткен жыл дистанция үшін нәтижелі болды. Жыл бойы СОБ, байланыс және радиобайланыс құрылғыларының жұмысында ақаулар тіркелмей, техникалық күтім жоспары «өте жақсы» деңгейінде орындалды. Сонымен қатар еңбек тәртібін бұзу немесе өндірістік жарақат алу жағдайлары орын алған жоқ. Бұл – ең алдымен ұжымның кәсіби деңгейі мен жауапкершілігінің айқын көрінісі деп бағалаған дистанцияның бас инженері Жанболат Досжанов, әріптестерімен бірге атқарған жұмыстардың біршамасын саралап, жасалатын жоспарлы жұмыстарға шолу жасады.

Дистанция бойынша былтыр бірқатар жаңғырту және жөндеу жұмыстары жүзеге асырылыпты. Мәселен, Арал теңізі және Қазалы станцияларында ескі үлгідегі дизель-генераторлар заманауи құрылғыларға ауыстырылған. Өндіріске жаңа үлгідегі РЛСМ-10-48 радиостанциялары енгізіліп, қуат көздері жаңартылған. Сексеуіл, Сапақ, Аралқұм, Шөміш станцияларындағы Пост ЭЦ ғимараттарына жөндеу жүргізілген. Сондай-ақ релелік бөлмелерге кондиционерлер орнатылып, бірқатар бекеттердегі ғимараттар мекеме қызметкерлерінің күшімен жаңартылған. Аралқұм – Шөміш станциялары аралығындағы құрылғылардың сапасын стандартқа сәйкестендіру жұмыстары жүргізілген.

– Бөлімше басшылығының қолдауымен, дистанция бастығы Арнұр Дінахметовтың ұйымдастыруымен өткен жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде құрылғылардың сенімділігі едәуір артты. Жаңартылған дизель-генераторлар мен жаңа радиостанциялар пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарып отыр. Ұжымның бірлескен еңбегінің арқасында ақаусыз жұмыс көрсеткішіне қол жеткіздік, биыл да қауіпсіздік шараларын арттыруға басымдық беріп жұмыс жүргізудеміз, – дейді бас инженер Жанболат Досжанов.

Қозғалыс мәдениетінің жаңа стандарты жобасы аясында дистанцияның Сексеуіл-Қоскөл жаңа телімінде ЦАБ-АЛСО-QRA заманауи жаңа құрылғысы жылдың алғашқы айларында қолданысқа енгізілуі аймақтағы пойыздар қозғалыс қауіпсіздігін арттыру сапасына жаңа серпіліс берген жаңалық болды.

Дистанция бойынша ағымдағы жылда да бірқатар жұмыс атқаралады деп жоспарланып, ауқымды шаралар белгіленіп қолға алынып жатыр. Атап айтқанда, Сексеуіл – 10-шы бекеті аралығында автоблоктау жүйесін енгізу және станцияларды микропроцессорлық жүйеге көшіру көзделуде. Қазалы станциясындағы байланыс үйіне жөндеу жүргізіліп, Қазалы-Бекбауыл станциялары аралығындағы құрылғылар сапасы стандартқа сәйкестендірілмекші. Ордазы бекетінде жаңа модульді ЭЦ постының ғимараты пайдалануға берілмек. Сонымен қатар Төретам станциясында ZH4100D дизель-генераторымен жаңартылған, бірнеше станциядағы ғимараттарға жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп күтілуде.

Дистанция ұжымы алдағы уақытта да теміржол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, техникалық базаны жаңғырту және еңбек сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып басты нысананы қауіпсіздікке бағыттап жаңғырту жұмыстарын жалғастыра бермек.

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда