Жасыл инфрақұрылым – табиғи тосқауыл

Аймақтар
16.04.2026, 15:12
Оқуға 3 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Теміржол бойындағы жасыл белдеулер – қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды қорғаныс жүйесі және бұл жай ғана табиғат көрінісі емес, тұтас бір ұжым еңбегінің нәтижесі.

Ақтөбе қорғаныс екпе ағаштар дистанциясының жұмысымен танысымен танысқан біз теміржол инфрақұрылымын табиғи қауіптерден қорғау үшін тынбай еңбектеніп жатқан жүзден аса адамның жұмысына тәнті болдық.  

Ақтөбе қорғаныс екпе ағаштар дистанциясының бастығы Қазыбай Қайжановтың айтуынша, Теміржол инфрақұрылымының қауіпсіздігі тек техникалық жүйелерге ғана емес, табиғи факторларға қарсы ұйымдастырылған қорғанысқа да тікелей байланысты. Осы тұрғыда қорғаныс екпе ағаштары дистанциясының атқаратын рөлі ерекше.  

– Біз жол жиегіне тал-дарақ егіп, оны күтіп-баптап өсіреміз. Бұл – жай ғана экологиялық жұмыс емес, қозғалыс қауіпсіздігіне тікелей ықпал ететін жүйе. Темір жолды қар, жел, құм сияқты табиғи факторлардың әсерінен қорғаймыз. Әр өңірдің өз тәуекелі бар. Мысалы, Атырау мен Маңғыстауда құм басу қаупі жоғары болса, Қызылордада жел, құрғақ климаты қатал. Ал Ақтөбе мен Орал өңірлерінде қар мен жел жүктемесі басым. Сондықтан біз әр учаскеге жеке инженерлік тәсіл қолданамыз, – деді Қазыбай Қайжанов.  

Айтуынша, дистанция қызметінің басты бағыты – осы қорғаныс екпе ағаштарын күтіп-баптау, жаңа жасыл тосқауылдар қалыптастыру және өрт пен заңсыз кесудің алдын алу. Бұл жұмыстар өндірістік қауіпсіздіктің ажырамас бөлігі саналады. Қазір жаңа техникалар алынып, инфрақұрылым кезең-кезеңімен жаңартылып жатыр. Осы өзгерістер аясында жасыл инфрақұрылымды дамыту да қарқынды жүруде. Жасыл белдеулерді қалпына келтіру және кеңейту жұмыстары маусым сайын тұрақты жүреді. Қорғаныс екпе ағаштар дистанциясының жұмысы көзге көріне бермеуі мүмкін. Бірақ теміржол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде аса маңызды бағыттардың бірі. Жасыл белдеуді қалыптастыру бүгінгі күннің талабы ғана емес, болашаққа жасалған инвестиция деп білген жөн.    

Дистанция басшысы қолға алынған нақты жобалармен таныстырды. Соның бірі – лесопитомник құру. Бұл жоба жүзеге асса, бөлімше қажетті көшеттерді өздерінде өсіріп, сапаны толық бақылауға мүмкіндік алады. Алдын ала есептеулер бойынша, жоба бірнеше жыл ішінде өзін ақтап, тұрақты жүйеге айналмақ. Қазіргі таңда жобаны нақтылау жұмыстары жүріп жатыр.  

– Болашақта дистанция өз көшетімен өзін толық қамтамасыз ететін деңгейге жетуі керек. Қазірдің өзінде лесопитомник бойынша бизнес-жоспар әзірленіп, есептеулер жүргізілді. Жоба 4-5 жыл ішінде өзін толық ақтап, тұрақты табыс көзіне айналады деп күтілуде. Бүгінде Қазақстан темір жолы жүйесінде ауқымды трансформация жүріп жатыр. Жаңа вагондар мен тепловоздар алынуда, инфрақұрылым жаңғыртылуда және теміржолдар мен вокзалдарға күрделі жөндеу жүргізілуде. Жүк тасымалын арттыру мақсатында оңтайландыру жұмыстары жүргізіліп, қос жолдар мен айналма учаскелер салынуда. Біз осы процестің ажырамас бөлігі ретінде жасыл инфрақұрылымды жүйелі түрде дамытуға бағыт алып отырмыз, – деді ол.

Айтуынша, дистанция жаңа сапалық деңгей ретінде танылған карбондық жобаларды іске асыруды көздейді. Қорғаныс екпе ағаштары тек табиғи тосқауыл ғана емес, экологиялық активке айналуы тиіс.  

 

Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды