Қауіпсіздік – қанмен жазылған қағида

Аймақтар
30.04.2026, 12:12
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе филиалында 28 сәуір күні дәстүрлі жиын өтті. Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай өндірісте қаза болғандарды бір минут үснсіздікпен еске алды.

Бөлімшенің жаңадан тағайындалған директоры Берік Досанов теміржолшылар үшін ең басты құндылық – еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау болып табылатынын, сондықтан әрбір қызметкердің өмірі мен денсаулығын сақтау компанияның басым бағыты екеніне тоқталды.

– Өндірісте қайтыс болған әріптестерімізді еске ала отырып, бұл күні қауіпсіздік мәселесіне тағы да ерекше назар аударамыз. Себебі темір жолда қателік кешірілмейді. Қауіпсіздік – қанмен жазылған қағида, –деді Берік Досанов.

Жиында қауіпсіздік мәдениетінің төмен деңгейі жазатайым оқиғалардың орын алуына негізгі себептердің бірі екені атап өтілді. Осыған байланысты қауіпсіздік деңгейін арттыру, қызметкерлерді тұрақты түрде оқыту, сондай-ақ қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау бағытында басшылардың жауапкершілігін күшейту бойынша жүйелі жұмыстар жалғасатыны айтылды. Сонымен қатар өндірістік бақылауды күшейту, тәуекелдерді алдын ала бағалау және профилактикалық шараларды тұрақты жүргізу қажеттігіне назар аударылды.

Бас инженері Жасұлан Рскалиевтің мәліметінше, Ақтөбеде соңғы жылдары өндірісте теміржолшылардың қаза болу фактілері тіркелмеген. Жалпы еліміздегі ҚТЖ компаниясында жазатайым оқиғалар саны екі есеге азайған. Мәселен, 2020 жылы 34 жағдай тіркелсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 18-ге дейін төмендеген. Ал соңғы алты жылда Копанияда барлығы 154 оқыс оқиға тіркеліп, оның 44-і қайғылы жағдаймен аяқталған. Бұл – ел аумағы бойынша факт.  

Зардап шеккендердің басым бөлігі – 26-35 жас аралығындағылар.  Олардың ішінде еңбек өтілі 20 жылдан асатындар – 25%, ал орта білімі барлар – 66,2%. Бұл көрсеткіштер айтарлықтай еңбек тәжірибесіне қарамастан кейбір қызметкерлердің өндірістік тәуекелдердің алдын алу бойынша жеткілікті білім мен дағдыға толық ие емес екенін көрсетеді. Бұл жайт оқыту және нұсқама беру бағдарламаларын жетілдіру қажеттігін аңғартады. Жиында  ел аумағындағы оқиғаларға анализ жасалып, себеп-салдары талданды.  

– Біздің мақсатымыз – нөлдік жарақат деңгейіне қол жеткізу. Бұл мақсатқа жетудің негізгі жолы – қауіп-қатердің алдын алу. Әрбір қызметкер қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтап, кез келген бұзушылыққа төзбеушілік танытуы тиіс, – деді Жасұлан Рскалиев.

Іс-шара соңында кәсіподақ төрағасы Нұрден Салыхов әріптестерін арнайы сыйлықтармен қуантты. Себет салынған тәттілер станциялардан келген теміржолшыларға таратылып, бірқатар қызметкерлерге алғыс хаттар табысталды.  

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды