Білім сайысында бақ сынасты

Аймақтар
01.05.2026, 10:50
Суреттерді түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Түбек теміржолында Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні аталып өтті. Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінде сала қызметкерлерінің білімі мен біліктілігін сынайтын танымдық әрі тартымды іс-шара ұйымдастырылды.

Бөлімшеге қарасты 8 мекемеден құралған командалар, білім сайысына түскен іс-шараға қатысушылар зор белсенділік танытты. Жарыс үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде жалпы сұрақтар берілсе, екінші кезеңде ойын қиындай және қызықты бола түсті. Бұл жолы қатысушылар қауіпсіздік ережесі, еңбек қорғауға байланысты тақырыптық сұрақтарға жауап берді. Үшінші кезең теміржолшыны нағыз ширататын сәт болды. Ситуациялық тапсырмалар қойылды. Осы шартты орындау арқылы командалар әрқалай жағдайда аспай-саспай дұрыс әрекет ету мүмкіндігін көрсетті. Олардың тапқырлығы мен шұғыл шешім қабылдай алу деңгейі сынға түсті.  

Жалпы, барлық команда жоғары дайындық пен белсенділік танытып, тартысты әрі қызықты ойын үлгісін көрсетті. Нәтижесінде үздік командалар анықталып, марапатталды. I орынды Қалпына келтіру пойызынан құралған команда, II орынды Маңғыстау жол дистанциясының, ал III орынды Маңғыстау белгі беру және байланыс дистанциясының командалары иеленіп, кәсіподақ тарапынан жүлде алды. Ойынға қатысушы қалған командаларға да ынталандыру сыйлықтары табысталды.  

– Осындай іс-шаралар еңбекті қорғау мәдениетін арттыруға және қауіпсіздікке деген жауапкершілікті күшейтуге ықпал ететіні бесенеден белгілі. Біз мұндай бағыттағы басқосуларды жиі өткізіп тұрамыз және нәтижесін көріп те жүрміз. Бөлімшеде және оған қарасты мекемелерде жыл сайын еңбекті қорғау күні әртүрлі деңгейде аталып өтеді, – дейді Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінің еңбек қорғау және экология бөлімінің жетекші инженер-экологы Фариза Бекболсынова.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті