Ардагерге тағзым – ұрпаққа өнеге

Аймақтар
14.05.2026, 10:01
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Қызылорда өңірінің теміржолшылары Мәңгілік алау монументіне жиналып боздақтарға құрмет көрсетіп, гүл шоғын қойды. Сонымен қатар сала ардагерлерінің отбасына барып ерекше құрмет көрсетіп, тағылымды іс ұйымдастырды. Аймақ теміржолының дамуына өлшеусіз үлес қосқан ардагерлердің шаңырағында болып, ақ батасын алу – теміржолшылардың аға буынға деген ізеті мен ізгілігінің айқын көрінісі болды.

Бұл игі бастама «ҚТЖ-Жүк тасымалдары» ЖШС-сі Қызылорда филиалының директоры Батырхан Базарбаевтың бастамасымен, Қызылорда қалалық «Amanat» партиясы және кәсіподақ ұйымының қолдауымен жүзеге асты. Сонымен қатар Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің директоры Ербол Сәулебеков бастаған бөлімше басшылығы да ардагерлерге арнайы барып, құрмет көрсетті. Екі бөлімшенің ортақ тағылымды бастамасы сала ардагерлеріне деген шынайы ықыластың, ұрпақ сабақтастығының жарқын үлгісіне айналды.

«Тыл ардагерлері» жобасы аясында ұйымдастырылған кездесулер барысында Пазылбек Орынбасарұлы, Алайдар Абдуаитов, Сейтқан Абдрахманов сынды тыл еңбеккерлеріне ізгі тілектер айтылып, сый-құрмет көрсетілді. Ардагерлердің ел үшін еткен еңбегі мен өмір жолы кейінгі буын теміржолшыларына үлкен өнеге екені атап өтілді.

Сондай тағылымды кездесудің бірі «Құрметті теміржолшы», «Еңбек ардагері» Пазылбек Орынбасаровтың отбасында өтті. Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің директоры Ербол Тәңірбекұлы және орынбасарлары Ербол Қажденұлы, Абсұлтан Тілеуұлы, Қайрат Жангелдіұлы мен Нұрлан Мұсахметұлы ардагерді Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтап, жылы лебіздерін жеткізді. Кездесу барысында ардагердің есті әңгімелері тыңдалып, өмірлік тәжірибесі мен ақыл-кеңестері жас буынға рухани азық болды.

Пазылбек Орынбасаров – теміржол саласының қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан азаматтардың бірі. Ол еңбек жолын 1957 жылы Талап бекетінде вагон құрастырушы болып бастап, кейін Алматы теміржол техникумында білім алды. Төретам станциясындағы әскери бөлімнің белгі беру және байланыс саласында ұзақ жыл қызмет атқарып, кейін Қызылорда теміржол бөлімшесінде жолаушы тасымалы саласын басқарды. Алматы темір жолы басқармасы мен Алматы-1 вокзалындағы жауапты қызметтері арқылы да сала дамуына сүбелі үлес қосты. Ерен еңбегі еленіп, «Еңбек ардагері» медалімен марапатталып, «Құрметті теміржолшы» атағына ие болды.

Ардагерлерге құрмет көрсету бұл тек мерекелік шара емес. Бұл – ел дамуына үлес қосқан азаматтардың еңбегін бағалау, олардың өмір жолын жас ұрпаққа үлгі ету. Аға буынның еңбекқорлығы, отансүйгіштігі мен жауапкершілігі бүгінгі теміржолшылар үшін де үлкен мектеп.

Қос бөлімше ұжымдарының ардагерлерге деген құрметі теміржол саласындағы бірліктің, рухани сабақтастықтың және адамгершілік құндылықтардың айқын көрінісі. Осындай тағылымды кездесулер арқылы өткен мен бүгіннің байланысы беки түсіп, еңбек адамына деген құрмет арта бермек.

Ардагерлер аман болса – елдің рухы биік. Олардың ақ батасы мен өмірлік өнегесі жас буынға әрдайым жол көрсетіп, ел игілігі жолындағы адал еңбекке жігерлендіре берері анық.

 

Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда