Әмбебап маман

Аймақтар
15.05.2026, 08:52
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Қандыағаш вокзалында кілең қыз-келіншектің арасында жұмыс істейтін Төремұрат Түнғатаровтың 30 жылдық тәжірибесі бар. Вокзалдағы су, жарық және басқа да ұсақ-түйек жөндеу жұмыстарының барлығы соның мойнында.

Оның жұмысы таңғы сағат 8:00-де басталады. Алдымен толық тексеріс жүргізіп, вокзалдың ішкі-сыртқы жағдайын қарап шығады. Одан кейін жоспарлы жұмыстарға кіріседі. Әріптестері оның «жоқ» немесе «болмайды» дегенін естімеген. Керісінше барлық мәселенің шешімін табуға тырысады. Жұмысын тиянақты атқарады, оның қолына түскен кез келген жұмысқа жан біткендей болады.  

Кейіпкеріміз өз ісінің нағыз шебері. Қандыағаш вокзалының бүкіл қара жұмысын жалғыз атқарып отыр деуге болады. Қай жерде ақау болса, сол жерден табылады. Құбырдың дыбысын тыңдап-ақ мәселені анықтайтын тәжірибелі маман күрделі жағдайларды да опоңай еңсереді, сантехник, плотник, электрик – 3-4 мамандықты қатар атқара береді, бір сөзбен айтқанда әмбебап маман. «Біздің универсал маман» деп әріптестері мақтан тұтып, қадірін біледі.

– Қолымнан келетін жұмыстан аянып қалмаймын, бір-бірімізге көмектесіп жүргенге не жетсін. Демалыс күндері де қажет болса, шақырса, бара беремін, маған қажет кезде вокзал басшылары да аянып қалған емес, сонша жылдан бері бір отбасыдай болып кеткенбіз, – дейді ол.  

 

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды