Қызылорда облысының әкімі Шиелі вокзалының құрылысымен танысты

Аймақтар
20.05.2026, 16:46
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда облысында теміржол инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Аймақ бойынша жаңартылып жатқан 10 теміржол вокзалының құрылысы аяқталу сатысына жақындап, нысандарды пайдалануға беру дайындығы қарқынды жүргізілуде. Жаңарып-жаңғырған тарихы нысанның жайымен Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Руслан Рүстемов және облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеумбетовтер Шиелі ауданына жасаған жұмыс сапары кезінде теміржол вокзалында жасалған құрылыс барысымен танысты.

Сапар барысында ҚР Парламенті Сенатының депутаттары мен өңір басшылығынан құралған топ алдымен тарихи-рухани маңызы зор Оқшы Ата кесенесі аумағындағы қайта қалпына келтіру және абаттандыру жұмыстарымен танысты. Ел тарихымен сабақтас қасиетті орындарды сақтау, инфрақұрылымын жақсарту мәселелері талқыланып, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, елдімекендердің инженерлік инфрақұрылымын жетілдіру, халыққа қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар да жұмыс сапарының негізгі өзегіне айналды.

Сапар аясындағы маңызды нысандардың бірі – ғасырдан астам тарихы бар Шиелі теміржол вокзалы болды. Ташкент-Орынбор теміржол желісі салынған уақыттан бері үздіксіз жолаушыларға қызмет көрсетіп келе жатқан бұл вокзал өңір теміржолының шежірелі нысандарының бірі.

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің директоры Ербол Саулебеков нысанда жүргізілген құрылыс және жаңғырту жұмыстары жөнінде жан-жақты таныстырылым жасады. Ол вокзал ғимаратының тарихи келбетін сақтай отырып, заманауи талаптарға сай жаңартылғанын, жолаушыларға қолайлы жағдай жасау мен қауіпсіздік талаптарын күшейтуге ерекше мән берілгенін атап өтті.

Жаңғырту барысында күту залдары жаңартылып, инженерлік жүйелер ретке келтірілген. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған қолжетімді орта қалыптастыру, вокзал аумағын абаттандыру және жолаушылар сервисін жақсарту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылған. Бүгінде күрделі жөндеуден өткен вокзал тәулігіне 200-дей жолаушыға сапалы қызмет көрсетуде.

Аймақ басшысы Мұрат Ергешбаев теміржол саласының өңір дамуындағы орны ерекше екенін атап өтті. Оның айтуынша, теміржол тек көлік қатынасының күретамыры ғана емес, ел мен аймақ экономикасын өркендетіп, халықтың тұрмысын жақсартуға тікелей ықпал ететін маңызды сала.

Өңір басшысы Шиелі вокзалының жаңғыруын аймақтағы теміржолшылар еңбегінің нәтижесі әрі сала қызметкерлерінің кәсіби біліктілігінің айқын көрінісі ретінде бағалады. Теміржолшылардың тәулікпен санаспай атқарып жүрген еңбегі елдің тұрақты дамуы мен халықтың қауіпсіз сапарына негіз болып отырғанын ерекше атап өтті.

– Шиелі вокзалының жаңаруы өткеннің өнегесін сақтай отырып, болашаққа батыл қадам жасаудың айқын көрінісі. Бұл жолаушыларға сапалы қызмет көрсетумен қатар, теміржолшылар еңбегіне көрсетілген құрмет, – деді облыс әкімі.

Сондай-ақ облыс әкімі аудан мен елдімекендерді одан әрі дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту және тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру бағытында жауапты сала жетекшілеріне нақты міндеттер жүктеді.

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда