Темір жолдың жаңаруы – өңірдің дамуы

Аймақтар
26.05.2026, 09:18
Оқуға 3 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе өңіріндегі теміржол инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары соңғы жылдары жаңа қарқын алды. Бұл бағыттағы ауқымды жобалар жүк және жолаушылар тасымалының тиімділігін арттырып қана қоймай, өңір экономикасына серпін беріп, жергілікті халықты жұмыспен қамтуға да елеулі үлес қосуда.

Қазіргі таңда өңірде «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы «Теміржол жөндеу» ЖШС-мен бірлесіп, Қандыағаш – Тобыл аралығында автобұғаттау жүйесі бар теміржол құрылысын жүргізуде. 2025 жылдың сәуір айынан басталған жоба аймақтың транзиттік әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды инфрақұрылымдық бастамалардың бірі саналады.  

ЖАҢА РАЗЪЕЗДЕР – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР  

«Қандыағаш-Тобыл» жобасы аясында 7 жаңа разъезд салу, 2 теміржол станциясын жаңғырту, сондай-ақ Қандыағаш және Никельтау айналма жолдарын салу көзделген.  

– Бұл жобалардың басты мақсаты – теміржол желісінің өткізу қабілетін арттыру және қозғалыс қауіпсіздігін күшейту. Қазіргі таңда Қандыағаш – Тобыл бағытындағы құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр. Жоба аясында жаңа разъездер салынып, станциялар жаңғыртылуда. Ең бастысы, бұл жұмыстар жергілікті халықты жұмыспен қамтуға мүмкіндік беріп отыр. Қазір нысандарда жүзге жуық адам еңбек етуде. Алдағы уақытта жаңа нысандар іске қосылған соң тұрақты жұмыс орындары да ашылады, – деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесінің басшысы Бөріхан Беркімбаев.  

Қазіргі таңда құрылыс алаңдарында жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Нысандарда 100-ге жуық адам еңбек етуде, ал 10 шақты мердігер компания кабель төсеу жұмыстарын атқаруда. Бұл өңірдегі құрылыс, техникалық және байланыс саласындағы мамандар үшін жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік беріп отыр.  

Бөріхан Сматуллаұлының айтуынша, жобаның басты мақсаты – теміржол желісінің өткізу қабілетін арттыру. Қазір Қандыағаш – Никельтау бағытында тәулігіне 15 жұп пойыз қатынаса, жоба толық іске қосылғаннан кейін бұл көрсеткіш 25 жұп пойызға дейін өседі. Сол сияқты Никельтау – Әйтеке би бағытында қазіргі 7 жұп пойыз саны 25 жұпқа дейін ұлғайтылмақ. Бұл өз кезегінде жүк айналымын көбейтіп, экспорттық-логистикалық әлеуетті арттыруға жол ашады. Құрылыс жұмыстарының орындалу деңгейі де жоғары. Бүгінде кабель төсеу жұмыстары 86,2 пайызға, жол төсеу жұмыстары 89 пайызға, ал бағыттағыш бұрмаларды орнату көлемі 89 пайызға орындалған. Жобаны биылғы 1 шілдеден бастап пайдалануға беру жоспарланып отыр.  

ВОКЗАЛДАРДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫ ЖОҒАРЫ  

Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесіне қарасты вокзалдар мен платформаларды жаңарту жұмыстары да кезең-кезеңімен жүргізілуде. 2026 жылғы 18 мамырдағы мәлімет бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары бірқатар нысандарда жоғары деңгейде орындалған. Атап айтқанда, Орал вокзалындағы жұмыстар 95 пайызға, Қазақстан станциясында 96 пайызға, ал Шыңғырлау вокзалында 99 пайызға аяқталған. Ақтөбе вокзалында 60 жұмысшы мен 7 арнайы техника жұмылдырылса, Орал станциясында 85 адам мен 8 техника еңбек етуде. Жалпы өңір бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының орташа орындалу көрсеткіші 66 пайызды құрап отыр.  

ҚОЗҒАЛЫС КӨЛЕМІ АРТАДЫ  

Теміржол инфрақұрылымын жаңғырту бағытындағы жұмыстар мұнымен шектелмейді. «Теміржол жөндеу» мекемесінің жоспарына сәйкес биыл Орал, Никельтау, Қандыағаш және Біршоғыр жол дистанцияларында 56,9 шақырымнан астам жол күрделі жөндеуден өтеді. Оның ішінде Қандыағаш жол дистанциясында Бақай – Тоқмансай және 312-313 разъезд аралықтарында 25 шақырымнан астам жол жаңартылады.  

Жөндеу барысында 98 бағыттамалы бұрма ауыстырылып, ескі рельс желілері жаңартылады, рельс дәнекерлері қалпына келтіріледі. Сонымен бірге балласт қабатын терең тазарту және теміржол қоршауларын жөндеу жұмыстары атқарылуда. Қазіргі таңда кейбір жұмыстар жоспардан да асыра орындалған. Мәселен, балласт қабатын тазарту көлемі жоспарланған 10 шақырымның орнына 11,4 шақырымға жеткен.  

Сондай-ақ Қандыағаш, Шалқар, Илецк және Орал учаскелерінде сигнализация және байланыс құрылғыларын жаңарту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Бұл теміржол қозғалысының қауіпсіздігін күшейтіп, тасымал сапасын арттыруға мүмкіндік береді.  

Аталған жобалардың жүзеге асуы Ақтөбе өңірінің көлік-логистикалық мүмкіндігін кеңейтіп қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашуға, жергілікті халықтың табысын арттыруға және өңір экономикасының тұрақты дамуына оң әсер етеді.

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды