Өткелдегі қауіпсіздік өзекті мәселе

Аймақтар
09.06.2026, 09:25
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда облысында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы шеңберінде магистральдық желінің Қызылорда бөлімшесі ұйымдастырған «Қауіпсіз өткел» республикалық профилактикалық акциясы өтті.

Бөлімшенің бас инженері Берік Бекжановтың ұйымдастыруымен Бәйгеқұм – 20-бекет аралығындағы күзетілетін теміржол өткелінде өткен іс-шараға Қызылорда жол дистанциясының бас инженері Ахметқали Елеусінов, бөлімшенің қауіпсіздік бөлімінің басшысы Сағатбек Тумырзаев, Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері, Бәйгеқұм ауылдық әкімдігінің өкілдері, жол дистанциясының теміржолшылары және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Ауқымды акция барысында жүргізушілермен профилактикалық әңгімелер өткізіліп, теміржол өткелдерін қауіпсіз кесіп өту ережелері мен оларды бұзғаны үшін жауапкершілік еске салынды, сондай-ақ ақпараттық жадынамалар таратты.  

Мамандардың айтуынша, бұл өткел арқылы тәулігіне 50 шақты пойыз өтеді. Өткел арқылы Жөлек, Ортақшыл, Қызылқайың және Жуантөбе ауылдарының тұрғындары тұрақты қатынайды. Ал жаз мезгілінде маңайдағы демалыс орындарына келушілер саны артып, көлік қозғалысы 2-3 есеге дейін көбейеді. Сондықтан аталған учаскеде қауіпсіздік талаптарын сақтау ерекше маңызға ие.  

Теміржол өткелдері – пойыздар мен автокөліктер қозғалысы қиылысатын қауіпті аймақтардың бірі. Осыған байланысты жүргізушілер теміржол өткеліне жақындағанда жол белгілеріне, бағдаршам сигналдарына, шлагбаумның жағдайына және өткел кезекшісінің нұсқауларына мұқият назар аударуы тиіс. Шлагбаум жабық немесе жабылып келе жатқан кезде, сондай-ақ бағдаршамның тыйым салу сигналы жанғанда өткелге шығуға қатаң тыйым салынады.  

Теміржолшылардың айтуынша, жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі жүргізушілердің қауіпсіздік талаптарын елемеуінен орын алады. Сондықтан профилактикалық жұмыстарды күшейту, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу және жол қозғалысы мәдениетін қалыптастыру маңызды міндет болып қала береді.  

Рейд барысында теміржол өткелдеріндегі қауіпсіздік талаптарын сақтау әрбір азаматтың жауапкершілігі екені баса айтылды. Өйткені бір сәттік салғырттық, жауапсыз қадам салдары ауыр зардаптарға әкеліп соғуы әбден мүмкін.  

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің теміржолшылары теміржол өткелдеріндегі қауіпсіздікті арттыруға бағытталған профилактикалық іс-шараларды тұрақты өткізіп келеді, алдағы уақытта да жалғаса бермек. Мақсат – әрине адам өмірін сақтау, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қауіпсіздік мәселелері бойынша нұсқаулықтан 31 жеңіл, жүк және ауыл шаруашылығы көлігінің жүргізушісі өтті.  

Жалпы, Қызылорда жол дистанциясына қарасты желі бойында 15 теміржол өткелі бар, оның 10-ы күзетіледі, 5 өткел күзетсіз. Кейбіреулері жергілікті әкімшілік қарамағында. Дистанция теміржолшылары жыл басынан бері 160 рейд өткізіп, 4 762 автокөлік жүргізушісіне темір жолдың қауіпті аймақ екендігін ескертіп, профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізген.  

 

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды