Жаңа көшеге майдангер әрі теміржолшы Өтеубай Ордабайұлының есімі берілді

Аймақтар
12.06.2026, 09:19
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда қаласының тұрғындары енді қоныстанып жатқан Қызылжарма тұрғын ауданында бір көше теміржолшы атымен аталатын болды. Ұлы Отан соғысына қатысушы ардагер-теміржолшы Өтеубай Ордабайұлының есімі берілген көшеге жиналған қауым алғашқы тақтаның қағылуына куә болды.

Көпшілік алдында сөз сөйлеген Қызылжарма ауылдық округінің әкімі Шәріп Әбдрахманов ел дамуына елеулі үлес қосқан азаматтардың есімін ұлықтау кейінгі ұрпақ алдындағы парыз екенін атап өтті.  

– Өтеубай Ордабайұлы – ел үшін ерен еңбек етіп, майдан жолынан өтіп, бейбіт өмірде теміржол саласының өркендеуіне зор үлес қосқан алдыңғы буын ағаларымыздың бірі. Сондықтан Қызылорда қалалық әкімдігі мен мәслихатының шешімімен жаңа аудандағы бір көше аты беріліп отыр. Осындай азаматтардың есімі туған жерінде жаңғырып тұруы жас ұрпақтың отансүйгіштік рухын қалыптастырады, – деді ол.  

Теміржолшы ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Ахмедияр Пірімбетов бұл оқиғаның теміржолшылар қауымы үшін ерекше маңызға ие екенін айтты.  

– Өтеубай Ордабайұлы теміржол саласында абыройлы еңбек етіп, өз ісіне адалдықтың үлгісін көрсеткен азаматтың бірі еді. Ол қарапайым қызметтен бастап жауапты лауазымдарға дейін көтеріліп, аймақ теміржолының дамуына сүбелі үлес қосты. Өзі еңбек еткен осы қалада бір көшенің ардагердің атымен аталуы – бір адамның ғана емес, тұтас теміржолшылар еңбегіне көрсетілген құрмет. Ал жастар үшін кәсіби жауапкершіліктің мәнін түсіндіретін тағылымды қадам деп білеміз, – деді ардагер теміржолшы.  

Шара барысында Қызылорда локомотив пайдалану депосының қызметкері, Өтеубай Ордабайұлының ұрпақтары Серік пен зейнеткер Молдашбек те сөз алып, соғыс және бейбіт өмірде қажырлы еңбек етіп, ел құрметіне бөленген аталарының есімі Сыр өңірінің тарихында қалғанына зор ризашылықтарын білдіріп, тебірене сөйледі.  

– Атамыздың аты өшпей ел жадында сақталып жатқаны – біз үшін үлкен мақтаныш. Отбасымыздың атынан осы бастаманы көтерген жергілікті билік өкілдеріне, теміржол ардагерлеріне, барша теміржолшылар қауымына шынайы алғысымызды білдіреміз. Бұл құрмет бізге үлкен жауапкершілік жүктейді, – деді Өтеубай Ордабайұлының ұрпақтары.  

 

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды