Сыр өңірінде жүк тасымалы жаңа деңгейге көтерілді

Аймақтар
23.06.2026, 09:52
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Сыр өңірінің тыныс-тіршілігі мен экономикалық даму қарқынын теміржолсыз елестету мүмкін емес. Өндіріс өркендеп, кәсіпорындар қуаты артып, аймақтың әлеуеті еселеніп жатса, оның артында аймақ экономикасының күретамыры теміржол көлігі тұр.

Бөлімше директорының орынбасары Мейрамбек Шолтабаевтың айтуынша, соңғы он жылда Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесі күрделі реформалар кезеңінен сүрінбей өтті. 2016 жылдан басталған құрылымдық өзгерістер аясында Локомотив сервис орталығы мен ВЧД мекемелерінің бір арнаға тоғысуы басқару тиімділігін арттырып, тасымал тізбегін жаңа деңгейге көтерді. Бұл жаңғыру бөлімшенің өндірістік қуатын күшейтіп қана қоймай, локомотив паркін басқаруда заманауи әрі жүйелі тәсіл қалыптастырды.  

Бүгінде бөлімше аймақтағы ең ірі индустриялық жобалардың сенімді тірегіне айналды. Шиелі өңіріндегі «Гежуба Шиелі Цемент» зауыты іске қосылғалы бері жүк тиеу көлемі бірнеше есеге артып, тек 2023 жылдың өзінде 626 мың тоннадан астам цемент жөнелтілді. Бұл – өндіріс пен темір жолдың өзара үйлесімді жұмысының нақты нәтижесі.

Сондай-ақ Қызылорда торабы арқылы «Орда Гласс» шыны зауытының өнімдері жүйелі түрде тасымалданып, 2025 жылы жүк көлемі 2686 вагонға дейін жетті. Бұл көрсеткіш өңірдегі өнеркәсіп әлеуетінің артып келе жатқанын білдіреді. Сонымен қатар Сексеуіл бағыты бойынша «Xinglianhe» ЖШС рудаларын тасымалдаудың басталуы бөлімшенің халықаралық транзиттік маңызын арттырып, экспорттық мүмкіндігін кеңейтті.  

Бөлімшенің табысты жұмысының тағы бір маңызды бағыты – инфрақұрылымды жаңғырту. Қызылорда локомотив депосы мен айналым деполарында жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары, жаңа әкімшілік-тұрмыстық кешендердің іске қосылуы, техникалық пункттер мен өткелдердің, басқа да нысандардың жаңартылуы – еңбек адамдары үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған нақты қадамдар. Ал АСУ ЭММ цифрлық жүйесінің енгізілуі бөлімшенің технологиялық тұрғыдан заман көшінен қалмай, жаңа индустриялық дәуірге нық қадам басқанын көрсетеді.  

– Қызылорда бөлімшесінің әр жетістігінің артында теміржолшылардың тынымсыз еңбегі жатыр. Біз үшін ең басты міндет – жүк тасымалының қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар теміржолшы мамандығының беделін арттырып, жас мамандарға қолдау көрсету, – дейді бөлімше директорының орынбасары Мейрамбек Шолтабаев.  

Сондықтан бөлімше кадр даярлау мәселесіне ерекше назар аударып келеді. Мысал келтіре кетсек, соңғы 10 жыл ішінде бөлімше базасында 145 машинист даярланып, 136 маман кәсіби деңгейін көтерген. Бұл – тәжірибе мен білім сабақтастығының нақты көрінісі.  

 

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды