Ганюшкинодағы жаңа вокзал қызметкерлерін Атырау телімінің басшылығы құттықтады

Аймақтар
17.07.2026, 08:58
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Өткен айдың соңында жаңадан салынып, пайдалануға берілген Ганюшкино теміржол вокзалы қала халқы мен Құрманғазы ауданының тұрғындарын қуанышқа бөледі.

Вокзал бүгінде толық көлемде жолаушыларға қызмет көрсетіп, жаңадан ашылған қос кассада билет сатылып жатыр. Соған орай «Жолаушылар тасымалы» АҚ Атырау телімі бастығының міндетін атқарушы Данияр Кутепов пен Атырау вокзалының касса меңгерушісі Ажар Ахметова Ганюшкино вокзал қызметкерлерін жаңа қоныспен арнайы құттықтап келді.  

– Екі елдің шекарасына жақын орналасқан бұл вокзалдың жаңа ғимаратқа ие болуы үлкен қуаныш. Мұнда тек өзіміздің ғана емес, халықаралық бағыттағы пойыздар да аялдап, айына жүздеген жолаушы өтеді. Ал жаңа да жарық вокзалдың және билет кассаларының жолаушыларға лайықты қызмет ететініне сенеміз, – деген Данияр Кутепов вокзал бастығы Елена Алиеваға гүл шоғын сыйлады.  

Айта кетсек, Ганюшкино жаңа вокзалының жалпы көлемі 800 шаршы метр. Оның ішінде 150 орындық күту залы, мүгедек адамдарға арналған бөлек күту залы, медпункт, вокзал кезекшісінің бөлмесі, екі билет кассасы, полиция бөлімшесі, жолаушыларға арналған жүк қоймасы, т.б. бар. Вокзал айналасы абаттандырылып, жас көшеттер отырғызылған. Касса қызметкерлерінің айтуынша, жарты жылда Атырау-Ганюшкино арасына тек бір бағыттың өзіне 2 мыңдай, ал Атырау мен Астараханға 7 мыңдай жолаушы қатынаған.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты