Атырауда жарты жылда 29,7 шақырым теміржол күрделі жөндеуден өтті

Аймақтар
24.07.2026, 08:52
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау магистральдық желі бөлімшесі бойынша биылғы жарты жылда жол сапасын орташа бағалау 56 балды құрап, орындалуы 27 балл немесе 220 пайызға жетті.

Соның ішінде ПЧ-9 – Атырау жол дистанциясы бойынша 37 балл немесе 175 пайыз, ал ПЧ-11 – Құлсары жол дистанциясы бойынша орындалуы 16 балл немесе 265 пайыз. Демек, аймақта жол сапасы жыл сайын жақсарып келе жатқаны байқалады.  

Бөлімше басшысының бірінші орынбасары Аманқос Жылқышиевтің айтуынша, биылғы межеленген жұмыстар кезең-кезеңмен атқарылып келеді. Яғни биыл Құлсары жол дистанциясына қарасты Құлсары-Бейнеу учаскесінде, рзд.Майкөмген-рзд467-рзд468 аралығында 29,732 км жолды күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қазіргі уақытта толықтай аяқталып отыр. Күрделі жөндеу жұмыстары барысында жолдың ескі темір жолы түгел алынып, орнына су жаңа темірбетонды шпалдар барлық технологиялық талаптар сақталып салынған.  

Сондай-ақ жолды орташа жөндеуден өткізу, бұрмаларды ауыстыру және жол бойында малдың шығуына қарсы қоршау тұрғызу жұмыстары қоса жүргізілген. Жарты жылда жоспардағы 9,2 км жолды орташа жөндеуден өткізу бойынша оның 4,534 км орындалды. Атырау және Құлсары жол дистанциялары бойынша барлығы 26 дана бұрма ауыстырылып, 74,6 км жол бойында малдың шығуына қарсы қоршау тұрғызу жұмыстары бойынша 41 шақырымда шұңқыр қазылып, сым тарту үшін 10 шақырымға бағаналар орнатылған. Сонымен қатар бөлімшеде 260 жасанды имарат, яғни 59 көпір, 129 тұрба, 70 су ағатын астау тексеріліп, тазалық жүргізіліп, жай-күйі қадағалануда.  

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты