Қаперде ұстайтын қағида

Аймақтар
24.07.2026, 09:06
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Жол диагностикасы орталығы» филиалының Ақтөбе өңірлік бас ревизоры Еркінбек Елғондының айтуынша, темір жолдағы қайғылы оқиғалардың басым бөлігі қауіпсіздік талаптарын елемеуден болып отыр.

– 2026 жылдың басынан бері Ақтөбеде пойыздың адамды қағуымен байланысты екі оқиға тіркеліп, біреуі адам өлімімен аяқталды. Ал 2025 жылы мұндай үш жағдай болып, бір адам көз жұмған. Сондықтан темір жол қауіпті аймақ екенін әрдайым ескеруіміз керек. Пойыз жоғары жылдамдықпен қозғалады және оны бірден тоқтату мүмкін емес. Тіпті машинист шұғыл тежеуді қолданған күннің өзінде жүк немесе жолаушылар пойызының тоқтау жолы 500 метрден 1000 метрге дейін, кейде одан да ұзақ болады. Мұны әрдайым түсіндірумен келеміз, – деді Е.Елғонды.  

Бас ревизордың айтуынша, темір жолдағы ең үлкен қауіп – адамның өз мүмкіндігін асыра бағалауы. Үлкен құрам алыстан баяу қозғалып келе жатқандай көрінгенімен, іс жүзінде санаулы секундта жетіп келеді. Сондай-ақ желдің, сыртқы шудың немесе құлаққаптың әсерінен пойыздың дыбысы дер кезінде естілмей қалуы мүмкін.  

Осыған байланысты теміржолшылар азаматтарды қарапайым қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Қаперде ұстайтын қағида – темір жолды тек арнайы өткелдермен, көпірлер немесе тоннельдер арқылы кесіп өткен жөн. Өтпес бұрын құлаққапты шешіп, телефонға алаңдамау қажет. Капюшонды да шешкен дұрыс, өйткені ол жан-жақты көруге кедергі келтіреді.  

Платформа жиегінде тұру да аса қауіпті. Жоғары жылдамдықпен өткен пойыздың ауа ағыны адамды тепе-теңдігінен тайдырып, рельске қарай тартып кетуі мүмкін. Сондықтан қауіпсіздік сызығынан асуға болмайды. Сонымен қатар теміржол бойында суретке түсуге, бейне түсіруге, серуендеуге немесе вагондардың астынан еңбектеп өтуге, автотіркегіштің үстінен аттауға қатаң тыйым салынатыны туралы ақпарат әрдайым түсіндіріледі. Бірақ жылжымалы құрамның кез келген сәтте қозғалып кетуі мүмкін екенін қаперінде ұстайтындар аз.  

Темір жолдағы қауіпсіздік – әр адамның жеке жауапкершілігі. Бір сәттік немқұрайлылық орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін. Темір жол қателікті кешірмейді.

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты