Еңбек ер атандырған Ерлан

Аймақтар
31.07.2026, 15:18
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Бір мақсатты көздейтін сан тармақты теміржол саласында машинистің орны бөлек. Бұл әлемде темір жол пайда болғалы бірге келе жатқан кәсіп екені де рас. Сол көне кәсіпті серік етіп, отарбаны ұршықтай үйіретін майталман машинистер қатарында атыраулық Ерлан Тарихов та бар.

Ол 1970 жылы Гурьев облысы, Теңіз ауданында дүниеге келген екен. Мектеп бітірген соң Гурьев теміржол техникумында білім алып, техник-механик мамандығын алады. Отан алдындағы борышын өтеп келген соң Ганюшкино локомотив бригадалары алмасу депосына жұмысқа қабылданып, 1997 жылдарға дейін тепловоз машинисінің көмекшісі болды. Одан кейін тепловоздың оң қанатына отырып көп жыл машинист, одан кейін машинист-нұсқаушы болып қызмет атқарды. Өндірістен қол үзбей Алматыдағы М.Тынышпаев атындағы Көлік және коммуникация академиясын инженер-механик мамандығы бойынша бітіріп, жоғары білім алды.

2007 жылдан бастап Ерлан Тарихұлы Атырау локомотив пайдалану депосының Ганюшкино айналым депосы бойынша орынбасары болып тағайындалып, еңбек жолын одан әрі жалғастырды. Өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайтын, ісіне адал, адамдармен қарым-қатынаста талапшыл әрі әділ азамат ортада сыйлы, қадірлі. Көлік және байланыс қызметкерлерінің күніне орай әр жылдарда «Локомотив» АҚ Президентінің Құрмет грамотасымен, «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» кеуде белгісімен, «Тәуелсіздікке 25 жыл» медалімен марапатталған. Ал 2021 жылы «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Кейіпкеріміз бүгінде өзінің сүйікті кәсібіне қайта оралып, тепловоз машинисі қызметін абыроймен атқарып жүр. Отбасында үш бала тәрбиелеп отыр, немере-жиендері бар. Ұлдары – әке жолын қуған теміржолшылар.

Биылғы кәсіби мереке қарсаңында арнайы Астанаға шақырылған Ерекеңнің еңбегі тағы да өз марапатын иеленбек. Еңбек ер атандырар деген осы емес пе?!

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты