Атырауда үш вокзал ашылды

Аймақтар
31.07.2026, 16:37
Суреттерді түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Вокзалдарды қайта жаңғырту жобасы мәресіне жетуде. Бүкіл Қазақстанда күн сайын қаптаған су жаңа вокзалдардың тұсауы кесіліп, жолаушы қызметіне есігін айқара ашуда.

Атырау облысында Мақат, Сағыз және Доссор станцияларының теміржол вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды. Жоба «ҚТЖ» ҰК» АҚ өз қаражаты есебінен іске асырылды. Барлық объектілерде құрылыс-монтаждау жұмыстары кешені орындалды: тірек конструкциялары, шатырлар мен қасбеттер жаңартылып, инженерлік желілер ауыстырылды, үй-жайларды ішкі әрлеу жүргізіліп, іргелес аумақтар абаттандырылды, жаңа жиһаз бен заманауи жабдықтар орнатылды.

1966 жылы салынған Мақат теміржол вокзалы қайта құрудан кейін аумағы 355,8-ден 374,9 шаршы метрге дейін ұлғайды. Вокзал күн сайын орта есеппен 138 жолаушыға қызмет көрсетеді. Станция арқылы Маңғыстау, Бейнеу, Астана, Павлодар, Семей, Тараз, Шу, Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Атырау, Көкшетау, Қостанай, Бурабай курортымен, сондай-ақ Ресей Федерациясымен, Өзбекстан Республикасымен және Тәжікстан Республикасымен қатынауды қамтамасыз ететін 26 жолаушылар пойызы қатынайды.

1973 жылы салынған Сағыз вокзалының ауданы 249-дан 348 шаршы метрге дейін ұлғайып, қайта жаңартылды. Вокзал тәулігіне орта есеппен 88 жолаушыға қызмет көрсетеді. Станция арқылы өңірді Маңғыстау, Бейнеу, Орал, Астана, Павлодар, Семей, Тараз, Шу, Шымкент, Түркістан, Атырау, Көкшетау, Бурабай курортымен және Қостанаймен байланыстыратын 12 жолаушылар пойызы өтеді.

1966 жылы салынған Доссор теміржол вокзалы қайта құрудан кейін аумағы 249-дан 348 шаршы метрге дейін ұлғайып отыр. Вокзал тәулігіне орта есеппен 107 жолаушыға қызмет көрсетеді. Станция арқылы Алматы, Тараз, Шу, Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Атырау, Астана, Көкшетау, Қостанай бағыттары бойынша, сондай-ақ Ресей Федерациясына, Өзбекстан Республикасына және Тәжікстан Республикасына 20 жолаушылар пойызы қатынайды.

Барлық үш вокзалды қайта жаңарту кезінде отандық өндіріс материалдары пайдаланылды. Жаңартылған нысандар жолаушыларға қызмет көрсетудің жоғары деңгейін қамтамасыз ете отырып, қауіпсіздіктің, қолжетімділіктің және жайлылықтың заманауи талаптарына сәйкес келеді.

Жалпы үш нысанның да құрылысын жүргізген мердігер – «АРСМ» ЖШС. Мердігер компания өкілдері мен вокзал қызметкерлеріне облыс әкімі атынан Алғыс хат табыс етілді.

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты