Күзет қызметінің қырандары

Аймақтар
07.08.2026, 09:24
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

«ҚТЖ» ҰҚ» АҚ және оның еншілес компаниялары арасында 2025 жылдың қорытындысымен «Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС Атырау бөлімшесінің ұжымы үздік деп танылды. Жалпы ұзындығы 2163 км болатын Атырау және Маңғыстау теміржол бөлімшелеріне қызмет көрсететін үздік ұжым 5 мемлекетаралық түйісу бекеті арқылы жұмыс істейді.

Ресеймен шекаралас Ақсарай-2 станциясында 5 бекет, Өзбекстанның Қарақалпақия станциясында 1 бекет, Түрікменстан мен Болашақ станциясында 2 бекет жұмыс істейді. Сонымен қатар халықаралық теңіз сауда порты мен Құрық портынан келетін пойыздар Ақтау порты станциясында және Құрық порты арқылы қабылданады. Қызмет көрсету учаскелерінде 8 атқыштар командасы және 3 атқыштар тобы орналасқан. Атқыштар командалары Сағыз, Мақат, Атырау, Ганюшкино, Бейнеу, Маңғыстау, Ақтау порты және Құрық порты станцияларында, ал атқыштар топтары Құлсары, Сайөтес және Өзен станцияларында орналасқан.  

Филиал бастығы Серік Ербөлековтің айтуынша, 2025 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша филиалдың күзетіне 38 067 пойыз құрамы, оның ішінде 1 160 619 вагон қабылданған. Ал 2024 жылдың сәйкес кезеңінде күзетке 31 934 пойыз, оның ішінде 1 048 828 вагон қабылданған болатын. Осылайша, пойыздар саны 19,2%-ға, вагондар саны 10,6%-ға артқан. Сондай-ақ 19 432 пойыз құрамы, оның ішінде 588 212 вагон ілеспе күзетпен қамтамасыз етіліп, 2024 жылдың сәйкес кезеңінде 22 680 пойыз, оның ішінде 728 742 вагон ілеспе күзетпен қамтылған. Орта есеппен тәулігіне филиал күзетіне 104 пойыз құрамы, оның ішінде 3180-нен астам вагон тапсырылыпты. 2024 жылы бұл көрсеткіш тәулігіне 81 пойыз және 2 736-дан астам вагонды құраған. Айта кетерлігі, сөз болып отырған соңғы екі жылда жедел есепке сәйкес жүк тасымалының сақталмауын көрсететін бірде-бір оқиға тіркелмеген. Жалпы, атыраулықтар күзететін объектілерде жүк тасымалының сақталмауы, жүк жетіспеушілігі, ұрлық жасау әрекеттері, өндірістік жарақаттану жағдайлары тіркелмеген және келтірілген шығындарды өтеу бойынша талап-арыздар болмаған. Номенклатуралық жүктер тиелген вагондар мен күзетілетін объектілердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша қол жеткізілген бұл нәтиже ұжымның ұйымшыл әрі үйлесімді еңбегінің арқасында мүмкін болды. Жоғары көрсеткіштерге бүкіл филиал қызметкерлерінің бірлескен және тиімді жұмысының нәтижесінде қол жеткізілгені аян.  

Қазіргі уақытта Атырау филиалында кадрлар тұрақтылығы сақталып, мамандардың ауысуы ең төменгі деңгейде. Бұл жинақталған тәжірибені сақтауға мүмкіндік беріп, ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастырып қана қоймай, командалық жұмыстың тиімділігін арттыруда.  

– Біз қызмет көрсететін қос бөлімшенің аумағын айтар болсақ, Маңғыстау теміржол бөлімшесінің ұзындығы – 1393 км, Атырау теміржол бөлімшесінің ұзындығы – 770 км. Осы аралықта бізге сеніп тапсырылған объектілерге тұрақты бақылау жүргізіліп, кез келген жағдайға жедел ден қою – бірінші кезектегі міндет. «ӘТЖК» ЖШС филиалдарының арасында үздік шығу оңай болмады. Бұл жетістік – қызметкерлердің нақты әрі үйлесімді іс-қимылының, кадрлардың кәсіби даярлығының, өзара қолдаудың, ортақ мақсаттарды айқын түсінуінің және филиалдың әрбір қызметкерінің жауапкершілігі мен өзара көмегінің нәтижесі. Десек те, ұжымда абыроймен еңбек етіп, көпке үлгі болып жүрген майталман мамандардың атын атап өтсек, артық болмас. Олар – Атырау станциясы атқыштар командасының аға күзетшісі Марат Қуанышев, Сағыз командасы бастығының орынбасары Қалыбек Адайбаев, Ганюшкино командасының күзетшісі Серік Тұрақбаев сынды азаматтар. Біздің мақсатымыз – жұмыс барысында операциялық қызмет және қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ұрлықтың алдын алу, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды, персоналмен жұмыс және әкімшілік қызметті жақсарту, жеке құрамды оқыту, қызметкерлерді материалдық-техникалық қамтамасыз ету, еңбек қауіпсіздігін сақтау, нөлдік травматизмге қол жеткізу, қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсарту, ұжымда мызғымас бірлік қалыптастыру. Әрқашан осы талаптар үдесінен шығуға талпынамыз. Үздік ұжым атану біз үшін үлкен абырой, сонымен қатар белгілі бір дәрежеде жауапкершілік те жүктейді, – дейді үздік ұжым басшысы.

 

Аймақтар
07.08.2026
Кәсіби шыңдалу мектебі
Аймақтар
07.08.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбедегі вокзалдың құрылысын тексерді
Аймақтар
07.08.2026
Екпінді станциясында 800 метр жол жаңарды
Аймақтар
07.08.2026
Күзет қызметінің қырандары
Қауіпсіздік
07.08.2026
Қауіпсіздік талаптарын сақтау – міндет
Аймақтар
07.08.2026
Алпыс жылдық абыройлы жол
Жаңалықтар
07.08.2026
Кәсіподақ белсенділері марапатталды
Спорт
07.08.2026
Дойбышылар додасы
Жаңалықтар
07.08.2026
Астана-1 теміржол вокзалында рейд өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
07.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №62 07 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
06.08.2026
ҚТЖ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша оқыту іс-шарасы өтті
Жаңалықтар
06.08.2026
Ұзақ мерзімді сервистік қызмет көрсету ҚТЖ локомотив паркінің сенімділігін арттырады
Жаңалықтар
05.08.2026
Теміржолшылар 53 теміржол өткелінде «Қауіпсіз өткел» профилактикалық акциясын өткізді
Жаңалықтар
04.08.2026
Құрық порты 2026 жылдың І-ші жарты жылындағы жұмысын қорытындылады
Аймақтар
04.08.2026
Боранды бекеттің бас қақпасы
Аймақтар
04.08.2026
Ғасырлық тарихы бар вокзалдар жаңарды
Қауіпсіздік
04.08.2026
Қауіпсіздік сызығынан аттама...
Қауіпсіздік
04.08.2026
Жүргізушілерге жадынама таратты
ҚТЖ келбеті
04.08.2026
Үздік атанған үштік
Жаңалықтар
04.08.2026
Ерен еңбектері еленді