Торқалы тоқсанға келген теміржолшы

Аймақтар
18.08.2026, 08:57
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Теміржолмен бірге өсіп, біте қайнасқан жандар аз емес. Солардың бірі бүгінгі күні торқалы тоқсан жасқа келіп отырған Дүржанов Жұбаныш ақсақал Атырауда тұрады.

Еңбек ардагерін мерейлі жасымен құттықтаған ПЧ-9 – Атырау жол дистанциясы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сапаш Шомыров пен кәсіподақ өкілдері сый-сияпаттарын алып, қарияның үйіне барды. Торқалы той иесіне денсаулық пен салиқалы қарттық тілеп, әңгімесін тыңдап қайтты.

Ол 1936 жылы 15 шілдеде Гурьев облысы, Жылыой ауданында дүниеге келген Жұбаныш ақсақалдың әкесі Дүржан соғыс жылдарында құрылысшы маман ретінде Атыраудан Волгоград қаласын қалпына келтіру жұмыстарына жіберіліп, 1943-1945 жылдары отбасымен сонда болған. 1945 жылдың күзінде елге оралады. Мектеп қабырғасында жүргенде әкесі дүние салып, 16 жасар бозбала жұмысқа орналасуға мәжбүр болады. Әуелі вагон жөндеу депосында бақылаушы-автоматшы болады. Ол бүкіл пойыз құрамына жауап беретін жауапты жұмыс болатын. Кейін көлік жүргізуші куәлігін алғаннан кейін 1957 жылы Атырау жол дистанциясына жүргізуші болып орналасып, сосын жол жөндеуші болып ауысқан. Ұзақ жылдар жол жөндеуші, жол шебері, жол диспетчері қызметтерін абыроймен атқарып, 1996 жылы зейнеткерлікке шығыпты. Сонау совет өкіметінен бері қарай алған марапаттары да аз емес. Қазір бейнетінің зейнетін көріп отыр.  

– Ол кезде кран жоқ, көп техника жоқ, рельсті ашу, түзеу, көтеру, бұрау, т.б. жұмыстардың бәрі қолмен жасалады. Жол жөндеуші деген ең ауыр жұмыс болды. Ол уақытта аға кондуктор, бас кондуктор, жол мастері деген болатын. Олар сенің жұмысыңды тексереді, қатаң қадағалайды. Сондықтан әр сүйем үшін жауаптысың. Әсіресе қыста қиын, стрелка жүрмей қалады, рельс қатып қалады. Солай үлкен еңбек сынынан өттік, – деп еске алады ақсақал.  

Зайыбы Жұпар апа да жол монтері болып еңбек етіп, ерлі-зайыптылар 4 ұл, 5 қыз өсірген. Көп жасаған қария «Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!» деп жастарға бата берді.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты