Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі

Аймақтар
18.08.2026, 09:23
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету – сан түрлі қызмет иелерінің бірлескен жауапты еңбегінің нәтижесі. Солардың қатарында сигнализация және байланыс жүйесінің орны ерекше. Өйткені СОБ құрылғылары – теміржол қозғалысының сенімділігін қамтамасыз ететін маңызды жүйе.

Ағымдағы жылдың алғашқы жеті айының қорытындысы Әбдірахман Сырғабаев басқаратын Қызылорда сигнализация және байланыс дистанциясының жүйелі жұмысын көрсетіп отыр. Есепті кезеңде дистанция қызметкерлерінің кінәсінен пойыздардың апатқа ұшырауы, оқиғалар мен инциденттердің орын алуына жол берілмеген. СОБ құрылғыларының жұмысында 9 ақау тіркеліп, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі 20 жағдаймен салыстырғанда 11-ге азайған. Бұл – ақауларды алдын ала анықтап, техникалық қызмет көрсетуді күшейтудің және мамандардың жауапкершілігінің нәтижесі.  

СОБ құрылғыларының үздіксіз жұмысын бақылаудың арқасында апаттық жағдайлардың алдын алуы мүмкін екендігіне бір ғана мысал келтіріп сараптама жасайтын болсақ, үстіміздегі жылдың 18 наурыз күні Тереңөзек – Қараөзек аралығында №34 пойызды басқарып келе жатқан машинист Созақбаевтың №18 өту аралық бағдаршамның қызыл түсіне тоқтауын алуға болады. Пойыздың тоқтауына байланысты жедел тексеру-бақылау жүргізу барысында осы аралықтағы 2778 км 7-жүздігінде оң жақ рельс плетінің сынғаны анықталды. Жол дистанциясы бастығының орынбасары Б.Мамедалиевтің өтінішімен пойыз диспетчері Аманбаев аталған аралықты пойыздар қозғалысына жабуға пәрмен беріп, жол дистанциясы жұмысшыларының күшімен жол жөнделіп, пойыздар қозғалысы 25 км/ сағаттан аспайтын жылдамдықпен шектеу беру арқылы ашылды.

– Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету – барлық теміржол қызметкерлерінің басты міндеті. Әрбір маман өзіне жүктелген міндетті мінсіз орындағанда ғана ортақ нәтижеге қол жеткіземіз. Бүгінгі көрсеткішке тоқмейілсуге болмайды. Алдағы міндет – құрылғылардың сенімділігін одан әрі арттырып, ақаулардың алдын алу және заманауи технологияларды тиімді енгізу, – дейді Қызылорда сигнализация және байланыс дистанциясының бастығы.  

Бүгінде дистанция ұжымы 511 бұрма мен 371,4 км автоблоктау жүйесіне, сондай-ақ 667,7 км кабель желісіне тұрақты қызмет көрсетеді. Техникалық нысандардың едәуір бөлігі ұзақ жылдар бойы пайдаланылып келе жатқанына қарамастан, мамандар құрылғылардың тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп келеді. Есепті кезеңде бірқатар станцияларда электр жетектері, бағдаршамдар, кабель желілері, қоректендіру жабдықтары жаңартылып, техникалық инфрақұрылымды жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен бірге Ақмая– Шиелі аралығы сандық кодты автоблоктауға көшіріліп, Майлытоғай – 16-бекет аралығында ЦАБ АЛСО жүйесі іске қосылды.  

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты