Түрікменстан жүк вагон және шпалдар шығаратын зауыт ашпақ

Әлемде
24.04.2025, 10:42
Қазақстан теміржолшысы

Түрікменстан билігі теміржол саласындағы өндірісті жергіліктендіруді кеңейтуді жоспарлап отыр – ел аумағында жүк вагондарын шығаратын өндіріс пен теміржол шпалдарын өндіретін зауыт салу мәселесі қарастырылуда. Бұл туралы елдің Қаржы және экономика министрінің орынбасары Перхат Ягшиев Куала-Лумпурда (Малайзия) өтіп жатқан TEIF 2025 халықаралық инвестициялық форумында мәлімдеді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

«Түрікменстан теміржол саласында ауқымды өзгерістер жүргізуді жоспарлап отыр, оның ішінде локомотивтер мен вагон паркін, деполар мен вагон жөндеу қуаттарын жаңғырту, сондай-ақ теміржолдарды электрлендіру көзделуде. Болашақта жүк вагондарын жергілікті өндірісті жолға қою, сондай-ақ теміржол шпалдарын шығаратын заманауи зауыт салу жоспарлануда», – деді Ягшиев.

Вице-министрдің айтуынша, бұған дейін жүргізілген жаңғырту шаралары теміржол инфрақұрылымын айтарлықтай нығайтқан.  

«5 мың шақырымнан астам болат жолдар ел өңірлерін сенімді түрде байланыстырып, транзиттік әлеуетті арттырып, экономикалық өсуді ынталандыруда», – деп атап өтті ол.

Ягшиев Түрікменстанның көлік инфрақұрылымының барлық түрлерін – теміржол, автокөлік, әуе және теңіз қатынасын – дамытуды жүйелі түрде инвестициялап отырғанын баса айтты. Бұл елдің халықаралық логистикалық тізбектерге белсенді интеграциялануына ықпал етуде.

«Түрікменстан халықаралық сауданы дамыту мен аймақтық экономикалық өсуді ынталандыруға бағытталған Орталық Азия арқылы жүк тасымалын қамтамасыз ететін халықаралық көлік-транзиттік дәліздерді дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр. Қазіргі таңда Азия мен Еуропа арасындағы сауда әлемдегі негізгі нарықтардың бірі болып саналады. Бұл ерекшелік Түрікменстанның көлік-коммуникациялық желісіне өңіраралық жүк ағындарын тартады. Мұндай мүмкіндік ел үшін елеулі экономикалық табыс көзіне айнала алады», – деді ол.

Көлік саласындағы басым жобалардың бірі ретінде Ягшиев Каспий теңізінің жағалауындағы Түрікменбашы халықаралық теңіз портын атады. Оның жылдық өткізу қабілеті – 17 млн тонна жүк.

«Бұл порт – Транскаспий көлік бағытын дамытудағы негізгі элементтердің бірі. Түрікменбашы теңіз портының инфрақұрылымы “Солтүстік – Оңтүстік” халықаралық дәлізі үшін жасалған көлік-логистикалық хабтардың цифрлық тізіліміне енгізілген. Бұл бағыт бойынша логистикалық маршруттар мен жеткізу тізбектерін тиімді құруға мүмкіндік берді», – деп қорытындылады ол.

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды