Қытайлар Африкадағы ең ұзын теміржол көпіріне рельс төсеуді аяқтады

Әлемде
12.12.2025, 12:40
Оқуға 1 мин
Сурет: People’s Daily

«China Railway Construction» корпорациясы PK330 көпірінде рельс төсеу жұмыстарын аяқтағанын мәлімдеді. Бұл көпір — ауыр жүк вагондарына арналған Африкадағы ең ұзын көпір. Оқиға Алжирдегі Батыс тау-кен теміржол жобасын жүзеге асырудағы маңызды кезеңге айналды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Алжирден оңтүстік-батысқа қарай шамамен 1250 километр қашықтықта орналасқан Тиндуф провинциясындағы алты шақырымдық көпір — 575 километрлік негізгі жолдың техникалық тұрғыдан ең күрделі учаскесі. Ол Бешар провинциясын әлемдегі ең ірі темір рудасы кен орындарының бірі — Гара-Джебилетпен байланыстырады.

Корпорация хабарлағандай, қытайлық және алжирлік мамандар Сахараның қатаң жағдайында жұмыс істеп, аса жоғары температура, құмды дауылдар және су тапшылығына тап болған.

Көпірдің негізгі конструкциясын тек бір жылда салған. Жобаның арқасында жергілікті тұрғындарға 7 мыңнан астам жұмыс орны ашылып, 1 мыңнан астам білікті маман даярланған.

Теміржол жобасына 19 көпір кіріп, олардың жалпы ұзындығы 12,2 километрді құрайды.

Батыс тау-кен теміржолы «Бір белдеу, бір жол» бастамасының флагмандық жобасына айналды. Оның мақсаты — Алжирдің оңтүстік-батысындағы кен орындары, өнеркәсіптік аймақтар мен порттарды байланыстыру. Жол пайдалануға берілгеннен кейін аймақтың көлік желісін нығайтып, экономикалық дамуына үлес қосуы күтілуде.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды