Alstom Мексиканың жаңа теміржол дәліздері үшін 47 пойыз жеткізеді

Әлемде
06.01.2026, 10:07
Оқуға 2 мин

Alstom компаниясы Мексиканың Теміржол көлігін реттеу агенттігімен (ARTF) 47 моторвагонды пойыз жеткізуге келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Rail-news.kz. 

Оның 33-і алыс қашықтыққа, ал 14-і қысқа бағыттарға арналған. Пойыздар Мехико — Керетаро — Ирапуато және Сальтильо — Монтеррей — Нуэво-Ларедо дәліздерінде пайдаланылады. Бұл тапсырыс елдің орталық және солтүстік өңірлері арасындағы жолаушылар тасымалын қайта жандандыруға бағытталған 2025–2030 жылдарға арналған Ұлттық даму жоспары аясында жүзеге асырылуда.

Құны 20,2 млрд мексикалық песоны (шамамен 920 млн еуро) құрайтын келісімшарт пойыздарға бес жыл бойы техникалық қызмет көрсетуді де қамтиды. Қызмет көрсету барысында Alstom әзірлеген HealthHub бұлтты цифрлық платформасы негізінде пойыздардың жай-күйін болжау жүйесі қолданылады. 

Сонымен қатар, келісімшартқа жөндеу деполарын, техникалық қызмет көрсету және жабдықтау пункттерін салу, пойыздарды пайдалануға қабылдау және қызметкерлерді оқыту жұмыстары кіреді. Пойыздар Мексиканың Идальго штатындағы Сьюдад-Саагунда орналасқан Alstom зауытында шығарылады, бұл ретте қосалқы бөлшектердің 76,6%-ы осы елде өндіріледі деп жоспарлануда.

Adessia Stream конструктивтік платформасы негізінде жасалған және осы жобада Trenes des Norte деген атау алған пойыздардың ең жоғары жылдамдығы сағатына 165 км-ге жетеді. Әр пойыздың ұзындығы шамамен 100 метрді құрайды. Қажет болған жағдайда екі пойызды біріктіріп, жалпы саны сегіз вагондан тұратын құраммен пайдалануға болады. 

Алыс қашықтыққа арналған әр пойыз шамамен 300 жолаушыға, ал қысқа бағыттардағы пойыздар 600 жолаушыға дейін сыйдыра алады. Пойыздар мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді болады және нақты уақыт режимінде жолаушыларды ақпараттандыру жүйелерімен жабдықталады.

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды