Talgo компаниясы Өзбекстанның жүрдек пойыздарына техникалық қызмет көрсетеді

Әлемде
19.01.2026, 14:30
Сурет: Talgo

Испанияның Talgo компаниясы мен «Өзбекстан темір жолдары» («Узбекистон темир йуллари») маңызды келісімге қол қойды. Келісімшарт аясында испандық мамандар алдағы 10 жыл бойы Өзбекстанның алты бірдей Talgo 250 жүрдек пойызына кешенді техникалық қызмет көрсететін болады. Құны шамамен 80 млн еуроны құрайтын бұл жоба — компанияның аталған елдегі ең ірі келісімшарты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Өзбекстанда Afrosiyob деген атпен танымал Talgo 250 пойыздары бүгінде сағатына 230 шақырым жылдамдықпен қатынайды. Айта кетейік, бұл техниканың конструкциялық мүмкіндігі сағатына 275 шақырымға дейін жетеді.

Өзбекстанның жүрдек пойыздар паркі біртіндеп қалыптасты:

  • 2009–2011 жылдар: Тоғыз вагоны бар алғашқы екі пойыз сатып алынып, қолданысқа берілді.
  • 2017 жыл: Екінші келісімшарт аясында паркті тағы екі бірдей 11 вагонды пойыз толықтырды.
  • 2019–2021 жылдар: Тағы екі пойыз сатып алынып, алғашқы құрамдарды кеңейту үшін қосымша төрт вагон әкелінді. Нәтижесінде барлық пойыздар 11 вагонды форматқа көшірілді.

Жүрдек пойыздар паркін одан ары ұлғайту мақсатында «Өзбекстан темір жолдары» 2024 жылдың маусым айында оңтүстік кореялық Hyundai Rotem компаниясымен жаңа келісімшарт жасасты. Бұл құжат сағатына 250 шақырым жылдамдықпен жүретін жеті вагонды алты жаңа пойызды жеткізу мен оларға қызмет көрсетуді көздейді.

Инфрақұрылымды дамыту жұмыстары да қарқынды жүруде. Мәселен, 2025 жылдың желтоқсанында Өзбекстанда Hyundai Rotem электропойыздарына қызмет көрсететін жаңа депо ашылды. Бұл нысан 2018 жылдан бері Talgo 250 пойыздарына сервис ұсынып келе жатқан ірі техникалық орталықтың құрамына кірді.

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты