TGV-M жүрдек пойызы 2026 жылдың қыркүйегіннен жолаушыларды таси бастайды

Әлемде
10.06.2026, 12:23
Сурет: SNCF Voyageurs
Қазақстан теміржолшысы

Францияның Ұлттық теміржол компаниясы (SNCF) үшін Alstom кәсіпорны құрастырған TGV-M екі қабатты жоғары жылдамдықты пойыздары Еуропалық теміржол агенттігінен (ERA) пайдалануға беру рұқсатын алды. Тиісті өтінім ERA-ға 2025 жылдың желтоқсанында жолданған, ал пойыздарды Францияда сынақтан өткізу жұмыстары 2023 жылдан бері жүргізіліп келеді. Содан бері олардың жалпы жүріп өткен қашықтығы шамамен 1 млн шақырымға жетті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Алғашқы екі TGV-M пойызы маусым айында SNCF құрамына кіретін SNCF Voyageurs жолаушылар операторына табысталады. Тамыздың аяғына қарай олардың саны 6-ға, ал 2026 жылдың соңында 13-ке дейін артады. Бұл пойыздарды TGV INOUI брендімен коммерциялық мақсатта пайдалану 2026 жылдың қыркүйегінде басталады, оған дейін SNCF Voyageurs оларды тәжірибелік-сынақ ретінде жүргізеді.

Жаңа буындағы TGV-M жоғары жылдамдықты пойыздары SNCF Voyageurs және Alstom компанияларының тығыз ынтымақтастығымен әзірленген. Екі компания бұл пойыздардың ішкі интерьер дизайнын 2025 жылдың наурызында таныстырды.

Жаңа модельдің басты артықшылығына келсек, әр пойызда 740 отыратын орын бар (бұл алдыңғы буындағы пойыздармен салыстырғанда 20%-ға көп). Жүк қоятын орын 20%-ға кеңейтілген. Пойызға техникалық қызмет көрсету шығындары 30%-ға азайған.

Жақсартылған аэродинамика мен тиімді тартқыш жетектің арқасында энергия тұтыну көлемі 20%-ға қысқарыпты.

SNCF Voyageurs операторы жалпы саны 160 дана TGV-M пойызына тапсырыс берген. Оның ішінде Ла-Манш бұғазы астындағы тоннель арқылы тасымалдауды жүзеге асыратын Eurostar еншілес компаниясы үшін 30 данасы (және тағы 20-сын сатып алу мүмкіндігімен) қарастырылған.

2026 жылдың сәуір айында Alstom компаниясының Ла-Рошельдегі зауытында Францияның жоғары жылдамдықты тасымал нарығында SNCF Voyageurs-пен бәсекелесуді көздеп отырған Velvet жеке француз операторы үшін Avelia Horizon тобының алғашқы пойызы көрсетілді.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті