ТХКБ жүк ағынының артуы инфрақұрылымға салмақ түсіріп жатыр

Жүк тасымалы
29.06.2022, 10:02
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Транскаспийлік халықаралық көлік бағдары бойынша жүк ағыны көбейген. Биылғы жылдың бес айында ТХКБ арқылы контейнер тасымалы 42 пайызға артып отыр. Бұл белгілі бір деңгейде осы бағдардағы инфрақұрылымға күш түсіруде.

Себебі басқа бағдарлар бойынша жүк жөнелтіп келген экспортерлердің бір бөлігі ТХКБ бағытына көше бастаған. «ТХКБ» халықаралық қауымдастығының бас хатшысы Гайдар Абдикеримовтың айтуынша, жүк ағынының кенеттен күрт артуына орай бүгінде инфрақұрылымды ұлғайтуға байланысты ауқымды жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда бұл бағдарды 8 ел, атап айтқанда, Қытай, Қазақстан, Әзірбайжан, Түркия, Румыния, Грузия, Украина, Польша елдері пайдаланып отырса, жыл соңына қарай олардың қатары тағы да артады деген болжам бар. Өйткені қауымдастыққа мүше болғысы келетіндер қатары өте көп.

– Ресми түрде біздің бағдармен тасымалдауға өтінім берілген жүктер көлемі 10 млн тоннадан асты. Әрине біз бұған дайын болмадық. Осыған орай бұл мүмкіндік тиімді пайдаланып, жылдамдатып өткізу қабілетімізді арттырып, жоспарлауға септік ететін өзара іс-қимылдың бірнеше үлгілерін ұсындық, – дейді бас хатшы.

Ол сондай-ақ бағдар бойынша осал тұстарды да атап өтті. Солардың бірі Каспий телімі. Мұнда әсіресе, теміржол бойынша паром кемелері жетіспейді екен. Бұл теңізде 5 мемлекеттің бассейні бар, соның ішінде Қазақстанда осы мәселе кездеседі. Екі апта бұрын ҚР индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі биыл 4 паром құрылысы салынатынын мәлімдеген. Дегенмен соның өзі бүгінгі артып отырған жүк ағыны бойынша тасымалды толық қамтамасыз етуге аздық ететін түрі бар. Бас хатшынынң айтуынша, тағыс бір фактор пандемия кезінде бұл бағдарлар жұмысы тоқтап қалып, енді қайта ашылғанда экспортерлер өткен жылда жіберіп алған тасымал көлемін екі есе жүктемемен өткізуге тырысуда екен. Бұл да аталған бағдар жүктемесін арттыра түскен. Дегенмен «ТХКБ» қауымдастығы тарапынан туындап отырған түйткілді мәселелерді шешіп, сұранысты толық қанағаттандыру үшін нақты шаралар қолға алынып жатыр екен.

Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты