Қазақстан мен Орта Азияның экспорттық әлеуеті талқыланды

Жүк тасымалы
05.05.2023, 09:20
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Кеше елордада көлік-логистика саласындағы ірі кәсіпорындардың ұйымдастыруымен «Қазақстан мен Орта Азияның экспорттық әлеуеті: мәселелері және шешімдері» атты дөңгелек үстел өтті.

Маңызды жиынның өтуіне KAZLOGISTICS Қазақстанның көлік тасымалдаушыларының одағы, Көлік және коммуникация ғылыми зерттеу институты, «Орталық Азиядағы көлік және логистика бойынша серіктестік» қауымдастығы, Ғылыми-зерттеу және жобалық ұйымдар қауымдастығы, «Жібек жолы» институты мұрындық болды.  

KAZLOGISTICS Қазақстанның көлік тасымалдаушыларының одағы Президиумы төрағасының орынбасары, «ҚТЖ» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Юрий Лавриненко дөңгелек үстелді ашып, еліміздің транзиттік саладағы мәселелері мен жетістіктеріне тоқталды. Ал «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Бизнес трансформациялау орталығы» филиалының директоры Ержан Наурызбаев ҚТЖ-дағы трансформациялау және негізгі даму жобалары туралы баяндады.  

– Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» компаниясын ұлттық көліктік-логистикалық компанияға трансформациялау туралы тапсырма берген болатын. Компания осы тапсырманы басшылыққа ала отырып еліміздің көліктік әлеуетін дамыту, Қазақстанды өңірлік сауда хабы ретінде өркендету, мультимодалды тасымалды ұйымдастыру, инфрақұрылым мен оны пайдалану әлеуетін арттыруды мақсат етеді. ҚТЖ-да логистиканы дамыту бойынша бірқатар шаралар қабылданған. Атап айтсақ, бұл ретте үш бағыт бар, біріншісі, компанияның логистикалық қызметтерін күшейту, транзиттік бағдарларды және өңірлік хабты дамыту, – деді Ержан Наурызбаев.  

«Орталық Азиядағы көлік және логистика бойынша серіктестік» қауымдастығының президенті Берік Бөлекбаев Қазақстан мен Орта Азия экспорттаушыларының көліктік-логистикалық қажеттіліктері мәселесіне тоқталды. Жиында сондай-ақ көлік дәліздерін дамытудың өзекті тұстары, Транскаспий бағдары: «тар» жерлер және даму перспективалары, ТХКБ дамыту стратегиясын жасау қажеттілігі, контейнерлік тасымалды дамытуды мемлекеттік қолдау, Маңғыстау-Баутино теміржол желісін салу бойынша ұсыныстар, «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА аумағында экспорттық өндірістерді орналастыру, көлік-логистика кешенін тиімді дамыту үшін кәсіби кадрлар дайындау, жүк жөнелтушілер мүддесі үшін логистикалық тізбектерді оңтайландыру тәсілдері туралы мәселелер жан-жақты талқыланды. Әр қатысушы осы тақырыптар бойынша баяндама жасап, дөңгелек үстел соңында солардың негізінде ұсыныстар берілді.  

Іс-шараға TLK Media ақпараттық қолдау білдірді.  

 

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды