Дегелең станциясынан бір аптада 100 мың тоннадан астам көмір жөнелтілген

Жүк тасымалы
05.06.2023, 14:56
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей жүк тасымалы бөлімшесінде соңғы аптадағы жүк айналымы бойынша мониторинг жасалынып, сараптамалық қорытынды әзірленді. Аталмыш бағыттағы шара қай салаға басымдық беру керектігін анықтайды. 

Бөлімшенің өндірістік-техникалық бөлімі мамандарының айтуынша, жазғы маусымға жасалынған болжамдар дәл келуде. Осыған дейін күтілгендей, жолаушы тасымалы күрт қарқын алып отыр. Тек қана мамырдың 29-ы мен маусымның 4-і күндері аралығында 11 295 жолаушы жергілікті теміржол вокзалдарынан сапарға  аттанған. Бұл – биылғы жылғы рекордтық көрсеткіш. Оған қосымша бір себеп аптаның тақ күндері жүретін Семей – Достық, Өскемен – Достық пойыздарының қайта іске қосылуы болып отыр.  

Десек те, негізгі назар жүк тасымалына аударылып отыр. Бұл орайда көмір тасымалы саябырлайтын емес. Бөлімше бойынша тиелген жүктер арасында қатты отын бәз-баяғыша алғашқы орында тұр. Өткен бір апта ішінде Дегелең станциясынан 103 397 тонна көмір тиеліп, жөнелтілген.  

Ал негізгі ерекшеліктердің бірі облыс бойынша түсті металл тасымалының артуы болып отыр. Бұл орайда Жаңғызтөбе станциясына түсетін салмақ біршама артқан.

Келесі кезектегі жүктер ішінде құрылыс материалдарының үлесі жоғары. Соның ішінде әсіресе цемент өніміне сұраныс күрт жоғарылағаны байқалады. Апта ішінде 47 698 тонна материал тиелген. Салыстырмалы түрде алғанда бұл да жоғары көрсеткіш. Оған Астана мен Алматыдан келген ірі компаниялардың жаңа облыс орталығы Семей қаласынан тұрғын үйлер құрылысын жүргізуі себеп болуда.  

Мұнымен қатар металл сынықтары мен астық тасымалы байырғы көрсеткіш көлемінде тұр. Ал контейнерлік тасымал біршама жоғарылаған. Осындай  көрсеткіштерді  анықтап берген жүк айналымына жасалған мониторинг басым бағыттарды анықтаумен қатар алдағы айға болжам жасауға да мүмкіндік беріп отыр.  

Жүк айналымын реттеу бойынша қолға алынған, басымдық берілген негізгі міндеттердің бірі пойыздарды кедергісіз жөнелту. Бұл орайда Жаңа-Семей жол дистанциясының мердігер компания «ПМС Астана» мекемесімен бірлесіп Жарма өңірінде жүргізіп жатқан желі бойындағы күрделі жөндеу жұмыстары, Семей және Өскемен станцияларындағы бағыттамалы бұрмаларды темірбетонды түрге ауыстыру шаралары да ешқандай кедергі тудырмаған.  

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады