Осы жылдың тамыз айында ҚТЖ желісі бойынша 1 млн тоннадан астам астық тиелді, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 2 есе жоғары, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Маркетингтік жыл ішінде 2022 жылдың қыркүйегі мен 2023 жылдың тамызы аралығында шамамен 12 млн тонна астық тасымалданды, бұл өткен маусымға қарағанда 20% жоғары.
Астық экспорты 25%, яғни 10 млн тоннаға дейін өсті.