Атырау жүк тасымалында кіріс көрсеткіші жоғары

Жүк тасымалы
04.10.2024, 10:44
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау жүк тасымалы бөлімшесі бойынша биылғы жылдың сегіз айында Директорлар кеңесінің жоспарына сәйкес 8 пайдалану көрсеткішінің 7-і орындалған.

Бөлімшенің өндірістік-техникалық бөлім бастығы Азиз Айжарықовтың мәліметіне сәйкес орташа тәуліктік жүк түсіру көрсеткіші 85,8%-ға орындалып, тәулігіне 50 вагонға азайған. Оның себебі Атырау-Астрахань республикалық маңызы бар автомобиль жолының құрылысын жүзеге асыратын «Қазавтожол» кәсіпорнының қаңтар айында 2024 жылға жүктерді тасымалдауға ақы төлеу шарты болмауына байланысты. Қаңтар айында 1 мың 29 вагон түсіріліп, жоспардан 328 вагонға немесе 22 мың 582 тонна азайды.  

Биылғы 7 сәуірде су тасқыны басталып, сәуір, мамыр, маусым айларында Атырау облысы бойынша төтенше жағдай жариялануына байланысты жүк түсіру процесі сол кезеңде қиындағаны белгілі. Дегенмен, жүк тасымалы тоқтаған жоқ. Атырау бөлімшесі бойынша ірі жүк жөнелтушілердің жүк көлемі мол болды. «Батыс Транс Групп» мекемесі 57 мың 687 вагон (3 млн 398 мың 944 тонна) мұнай өнімдерін, «Тенгизшевройл» ЖШС 70 мың 572 вагон (3 млн 607 мың тонна) мұнай және мұнай өнімдерін, «Исткомтранс» ЖШС – 8 мың 820 вагон (589 мың 381 тонна) күкірт, «Теңіз Көлік Компаниясы» мекемесі 13 мың 020 вагон (865 мың 283 тонна) күкірт тиеген.  

Сондай-ақ жүк жөнелтушілер «PTC HOLDING» мекемесі 2 мың 179 вагон полипропилен, «Иси Гипс Индер» мекемесі 270 вагон құрылыс жүктерін, «Индер Гипс» ЖШС мекемесі 591 вагон өнеркәсіптік шикізатын, «Индер туз компани» ЖШС 519 вагон өнеркәсіптік шикізатын, «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» мекемесі 1 мың 175 вагон сұйытылған газ жүгін тиеген.  

Қаржылық-экономикалық қызмет бойынша негізгі қызметтен түскен кірістер 63 млрд 126 млн 258 мың теңгені құраған. 2023 жылғы 8 айымен салыстырсақ, 12 млрд 047 млн 459 мың теңгеге ұлғайды (24%-ға артты). Оның ішінде тасымалдау қызметінен түскен табыс 53 млрд 052 млн 147 мың теңгені құрады. Бұл өткен жылғы фактіге қарағанда 27,1%-ға немесе, 11 млрд 323 млн 542 мың теңгеге артық.  

 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады