Ақтау мен Құрық порттарында жүк айналымы өсті

Жүк тасымалы
17.07.2025, 15:20

Осы жылдың 16 шілдесінде ҚР Көлік министрлігінде теңіз саласын дамыту бойынша ағымдағы жағдайды және жоспарларды қарау бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Кеңеске Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Темір жол және су көлігі комитетінің төрағасы Тайжанов Ж.Ж. төрағалық етті. Іс-шараға Порттардың теңіз әкімшілігі, Теңіз навигациялық орталығы, «Қазақстан темір жолы» және «Қазмортрансфлот» ұлттық тасымалдаушылары, Ақтау және Құрық теңіз порттары, сондай-ақ өзге де қатысы бар ұйымдардың өкілдері қатысты.

Кездесу барысында Ақтау теңіз портының (Д. Құтпанбаев), Құрық портының (Б. Әлібеков), «Кедентранссервис» компаниясының (Қ. Аманжолов), «KTZ Express» АҚ-ның (А. Қапар), Ақтау теңіз солтүстік терминалының (А. Билиджи), «Kaspi Grain Way» компаниясының (Е. Әбдіреев), Теңіз навигациялық орталығының (В. Евдокимов), Порттардың теңіз әкімшілігінің (А. Тенізбаев) және басқа да ұйымдардың басшылығының есептері тыңдалды.

Ж. Тайжанов теңіз көлігі саласын дамыту бөлігінде Мемлекет басшысының тапсырмаларын уақтылы орындаудың маңыздылығын мәлімдеді.

Кеңес барысында Ақтау портының өндірістік көрсеткіштерінде, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік маршруты, оның ішінде контейнерлік тасымалдар бойынша 2025 жылдың алғашқы 6 айының қорытындыларына сәйкес жүк тасымалдау көлемінде оң динамика байқалғаны атап өтілді.

2025 жылдың алғашқы 6 айында теңіз порттары арқылы жүктердің ауыстырып тиеу көлемі 4,5 млн тоннаны құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен  салыстырғанда 25 %-ға артқанын көрсетеді

Сондай-ақ, 2024 жылы ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру шеңберінде бекітілген теңіз инфрақұрылымын дамытудың кешенді жоспарын іске асыру барысы жеке қаралды.

Іс-шараның қорытындысы бойынша Ж. Тайжанов саланы одан әрі дамыту жұмыстарын күшейту шеңберінде бірқатар тапсырмалар берді.

 

Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті