Меже – транзиттік хабқа айналу

Жүк тасымалы
26.08.2025, 10:14
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазақстан Еуразияның жетекші транзиттік хабына айналуға ұмтылуда. Бұл бағытта Мемлекет басшысы халыққа жолдауында жаңа көлік дәліздерін салу, логистикалық орталықтарды жақсартуға қатысты негізгі тапсырмалар берген болатын.  

Транскаспий бағыты Еуразиялық логистиканың негізгі буынына айналуда: соңғы бес жылда жүк тасымалы 6 есеге артты. Мемлекет басшысының Жолдауында серіктес елдер – Қытай, Әзербайжан, Грузия және Түркиямен Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту үшін күш-жігер бірлестіру міндеті қойылды. Бүгінде осы бағыттағы жұмыс айтарлықтай нәтиже беруде.  

Серіктестермен бірлесе отырып 2027 жылға дейін «тұйық» жерлерді синхронды жою бойынша жол картасы әзірленді. Оның аясында «Достық-Мойынты» теміржол желісі пайдалануға берілді, Алматы станциясының айналма жолы салынуда, порт инфрақұрылымы жаңғыртылуда: Құрық портының акватория түбі тереңдетілді, қуаттылығы 1 млн тонна астық терминалы және Ақтау портында контейнерлік хаб іске қосылды.  

Қазақстаннан тыс жерде порт инфрақұрылымы белсенді дамып жатыр. Атап айтқанда 2025 жылдың маусымында Грузияның Поти портында аумағы 8,9 гектар жылына 120 мың контейнер өңдеуге қауқарлы қазақстандық мультимодальды терминал іске қосылды. Соңғы бес жылда бұл бағыт бойынша жүк тасымалының көлемі алты есеге ұлғайды, 2020 жылғы 0,8 млн тоннадан 2024 жылы 4,5 млн тоннаға жетті. Тек былтырдың өзінде тасымал көлемі 62%-ға артып, контейнерлік тасымал 2,7 есеге көбейді. Биылғы жылдың алғашқы жартысында тасымал көлемі 2,3 млн тоннаға жетіп, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7%-ға артық болды. Сонымен қатар контейнерлік тасымалдың айтарлықтай артуына кедендік рәсімдерді автоматтандыру да ықпал етті: енді бір контейнерлік пойызды рәсімдеуге небәрі 30 минут кетеді, бұрын бұл процесс үш сағатқа дейін созылатын еді.  

«Жуырда Қытай тарапымен бірлесіп Ақтау портында контейнерлік терминал іске қосылды. Сиань қаласында біздің құрғақ порт табысты жұмыс істеп тұр. Селятино, Свислочь және Будапешт маңында жаңа терминалдар салынуда», – дейді ҚР Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров.

 

Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз