Астық таситын вагондар 16,3 мыңға жетті – Сауранбаев

Жүк тасымалы
23.09.2025, 11:00
Оқуға 2 мин
Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі

Қазақстанның көлік инфрақұрылымы жаңа егіннің астығын тасымалдауға толық дайын. 2024-2025 маркетинг жылында 13,3 млн тонна астық тасымалданып, көрсеткіш 45%-ға өсті. Бұл туралы Үкімет отырысында көлік министрі Нұрлан Сауранбаев баяндады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Оның ішінде 10,3 млн тонна экспортқа және 3 млн тонна республика бойынша жеткізілді. Өнімді алқаптан уақтылы әкету элеваторлар мен жаңа егінді қабылдау үшін қоймаларды босатуға мүмкіндік берді.

«Негізгі бағыттарда оң динамика байқалады. Бөлек айтқанда, Қытай бағытында астықтың көлемі төмендегенмен,  азықтық ұн 2 миллион тоннаға жетіп, 4,6 есеге өсті. Бұл, өңдеушілердің қосылған құны жоғары өнімді шығарудың нәтижесінде мүмкін болды», — деп атап өтті Нұрлан Сауранбаев.

Қолданыстағы парк астық жүктерін тасымалдау үшін жеткілікті. Мысалы, астық таситын вагондар 16,3 мыңға және ұн тасуға арналған жабық вагондар саны 16, 5 мыңға жетті. Және ұлттық операторда 1,7 мың локомотив бар.  

Сонымен қатар министрдің айтуынша мемлекет аралық пунктілер астықты жоғары деңгейде тасымалдауға дайын, ол үшін осы пункттерде пойыздарды өткізу мүмкіндігі жеткілікті. Өзбекстан және Орталық Азия бағытында өткізу қабілеті тәулігіне 42 пойызды, ал Қытай бағытына 43 пойызды, Ресей бойынша 85 пойызды құрайды.  

Нұрлан Сауранбаев барлық экспорттық бағыттар бойынша резервтер бар екенін, бұл қазақстандық астықты үздіксіз тасымалдауға кепілдік беретінін атап өтті.

 

Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды