ҚТЖ-ның еншілес компаниясы – KTZ Express Қазақстаннан Америка Құрама Штаттарына бидай ұнын алғашқы сынамалық экспорттық контейнерлік тасымалдауды ұйымдастырды, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Жалпы көлемі 50 тонна Eurasian legacy брендімен отандық ұн өндірісінің қазақстандық өнімі («Компания Саламат» ЖШС) Қостанайдан Нью-Йоркке жеткізілді.
Алдағы уақытта ай сайынғы негізде жеткізілім көлемін едәуір ұлғайту жоспарлануда.