Қазақстандағы жүк айналымының 57%-ы теміржол арқылы жүзеге асырылады

Жүк тасымалы
16.06.2026, 12:07
Қазақстан теміржолшысы

Қазақстанда жалпы жүк айналымының 57%-ы теміржол көлігіне тиесілі. Сонымен қатар, бұл сала көлік индустриясының жалпы өнімінің шамамен үштен бірін қамтамасыз етіп отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Министрдің айтуынша, еліміздегі жүк вагондары нарығы толықтай бәсекелестік ортада жұмыс істейді. Қазіргі таңда Қазақстандағы вагондар паркі шамамен 147 мың бірлікті құрайды, олардың басым бөлігі жеке операторлардың иелігінде.

Нұрлан Сауранбаев теміржол инфрақұрылымын дамыту өнеркәсіп өндірісінің өсуіне, экспорт көлемінің артуына және елдің транзиттік әлеуетінің нығаюына тікелей әсер ететінін атап өтті. Оның сөзінше, саланы дамыту жұмыстары локомотивтер паркін жаңарту, вагондар паркін жетілдіру және магистральдық желілердің өткізу қабілетін арттыру бағытында жүргізілуде.

Министр 2014-2019 жылдары тартқыш жылжымалы құрамды сатып алу көлемінің төмен болуына байланысты локомотив тапшылығы қалыптасқанын айтты. Бұл мәселені шешу үшін соңғы жылдары жаңарту бағдарламасы қолға алынған. Отандық өндірісте шығарылған жаңа локомотивтерді пайдалануға енгізу 2028 жылға дейін жалғасады.

Жүргізілген жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде локомотивтердің тозу деңгейі 74 пайыздан 49 пайызға дейін төмендеген. Сондай-ақ локомотив паркінің орташа жасы 30 жылдан 21 жылға дейін қысқарған.

Көлік министрлігінің мәліметінше, теміржол инфрақұрылымын жаңарту және техникалық паркті кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады. Бұл шаралар тасымалдау көлемінің өсуіне және экономиканың ұзақ мерзімді дамуына қажетті негіз қалыптастыруға бағытталған.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады