Контейнерлік тасымалға қатысты жадынама бекітілді

Жүк тасымалы
22.06.2021, 10:10
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Темір жол ынтымақтастық Ұйымы жоғары басқарушы органының отырысы – ТЖЫҰ министрлерінің XLIX сессиясы отырысы бейнеконференция режимінде өткізілді. Онда жүктерді ірі тоннажды контейнерлерге орналастыру және бекіту бойынша ТЖЫҰ Жадынамасы бекітілді. Іс-шараға ТЖЫҰ-на мүше 22 елден делегация, сонымен қатар БҰҰ-ның (ЭСКАТО БҰҰ) Азия және Тынық мұхиты үшін экономикалық және әлеуметтік комиссиясы, ЕК көлік және мобильділік бойынша бас директораты (DG MOVE), халықаралық теміржол тасымалы бойынша үкіметаралық ұйым (ОТИФ), Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК), демократия мен экономикалық даму бойынша ұйым (ГУАМ), темір жол көлігі халықаралық комитеті (ЦИТ) сынды халықаралық ұйымдар өкілдері қатысты. ТЖЫҰ комитетіндегі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өкілдері, ҚР бойынша ТЖЫҰ комитетінің мүшесі Зубайда Аспаева бастаған қазақстандық делегация құрамында сессия жұмысына «ҚТЖ» ҰК» АҚ даму жөніндегі атқарушы директор Мейрамгүл Дүзбаева, «ҚТЖ» ҰК» АҚ халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл департаменті директоры Әлия Ахметова қатысты. ТЖЫҰ министрлер отырысында 2020 жылға ТЖЫҰ қызметі туралы есебі, сонымен қатар көлік құқығы бойынша ТЖЫҰ комиссиясы мен көлік саясаты мен даму стратегиясы бойынша ТЖЫҰ комиссиясы жұмысының нәтижелері бекітілді. 2022 және содан кейінгі жылдарға жұмыс бағдарламасы мен ТЖЫҰ негізгі құжаттары бекітілді. 2021 жылға ТЖЫҰ комитетінің соңғы және 2022 жылға алдын ала бюджеті қабылданды. Қатысушылар кәсіби оқыту мәселелері, есепті кезеңде темір жол тасымалы саласындағы дайындық бойынша ТЖЫҰ уақытша жұмысшы тобының қызметін мақұлдады. Сонымен қатар отырыста ТЖЫҰ теміржол көлік дәліздерін үйлестіру бойынша мәселелер талқыланды. Жүк ағынын контейнерлендіруді дамыту бойынша ірі тоннажды контейнерлерге жүктер орналастыру және бекіту бойынша ТЖЫҰ Жадынамасы бекітілді. Отырыс мүшелері Сессия ТЖЫҰ құрылғанына 65 жыл толу қарсаңында өткізілетінін атап өтті. Осы кезең аралығында Ұйым Еуропа мен Азия аралығындағы жолаушылар мен халықаралық жүк тасымалын жетілдіру және қамтамасыз ету, дамыту бойынша үлкен жұмыстар атқарды. Сессия жұмысының қорытындысы бойынша ТЖЫҰ министрлер отырысының XLIX cессиясының хаттамасына қол қойылды.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады