Цифрландырудың бес бағыты

Цифрландыру
22.08.2025, 08:36
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Үкімет үйінде өткен теміржол саласының дамуына арналған кеңейтілген кеңестің күн тәртібінде қозғалған мәселенің бірі теміржол саласын цифрландыруға арналды. Осы бағытта жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыстар туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев баяндады. Айтуынша, елімізде теміржол саласын басқару үрдісі цифрландыру есебінен оңайлатылатын болады.

Бүгінде аталған министрлік теміржол саласын цифрландырудың бес бағытын іске асыруда екен. Біріншісі – мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру. Екіншісі – тасымалдардың ашықтығы мен тиімділігін арттыру үшін бизнес-процестерді реинжинирингтеу. Үшіншісі – инновациялық экожүйе құру және цифрлық технологияларды енгізу. Төртіншісі – жолаушыларды OneWeb және Starlink спутниктік интернетімен қамтамасыз ету. Бесіншісі – транзиттік тасымалдарды онлайн бақылау жүйесін енгізу.  

«2024 жылы салада 5 мемлекеттік қызмет қолжетімді болды. Олардың барлығы электрондық форматта көрсетілді. Биыл тізілім «Қауіпсіздік сертификатын беру» атты жаңа қызмет түрімен толықтырылды. Бір жыл ішінде 28 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның 99%-ы онлайн форматта ұсынылған», – деді Жаслан Мәдиев.  

Цифрлық технологияларды енгізу тасымалдың тиімділігін арттырмақ. Осы мақсатта салаға келесі цифрлық шешімдер енгізілуде. Олар: магистральдық желінің цифрлық қосарланған моделін жасау; тасымалдарды жоспарлау үшін жасанды интеллект енгізу; вагон нөмірлерін бейне арқылы тану және «Вагон/жүк орнын анықтау» қызметін қосу; келу/кету дерегін анықтау үшін GPS-трекерлерден деректерді автоматты түрде қабылдау жүйесіне жіберу; вагон нөмірін тіркеу арқылы вагонның тоқтап тұру уақытын автоматты есептеу. Аталған шешімдер жұмыс процедураларын 45%-ға, ал бизнес-рөлдерді 35%-ға қысқартады деп күтілуде. Басқару оңай әрі ашық болмақ.

«Осылайша, Қазақстанда теміржол тасымалы үдерісі автоматтандырылады. Проблемалық мәселелер Цифрлық штабта пысықталады. Astana Hub-та тасымал және инфрақұрылым саласындағы стартаптар дамып келеді. Бұл стартаптар арқылы жүктерді бақылау сервистері; келісімшарт жұмыстарын басқару жүйелері; тасымалдарды автоматтандыру және вагон паркін басқару платформалары жасап шығарылуда. Негізгі шешімдердің бірі – тасымалдарды автоматтандыру платформасы екенін айта кеткеніміз жөн. Ол вагондарды басқарады, жүктемені жоспарлау мен болжауды автоматтандырады. Платформа бос жүрісті 10%-ға азайтып, вагон айналымын 15%-ға арттырады. Жүйе ірі тасымал компанияларында енгізілген», – деп атап өтті министр.  

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы да биыл Астанада сапалы талдау жасап, ауқымды деректерді генерациялай алатын суперкомпьютер кластерін іске қосу барысында жасанды интеллект технологиялары мен перспективалы стартаптарды экономиканың барлық саласына, соның ішінде теміржолға да енгізу керектігін атап өткен болатын. Мәселен, жасанды интеллект апаттық жағдайлардың ықтимал қауіптерін және жолдар мен жылжымалы құрамның тозуын алдын ала есептеп, осындай мәселелерді шешудің түрлі нұсқаларын пысықтай алмақ. Сондықтан теміржол саласын цифрландыру кезінде IT-инфрақұрылымды басқарудың және ақпараттық жүйелердің интеграциясын жүргізудің тұтас тәсілін жүзеге асыру қажет.

 

Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды