Астана-Семей пойызына Starlink интернеті қосылды

Цифрландыру
30.03.2026, 08:57
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Астана шаһары мен ел шығысы – туристердің теміржол арқылы ең жиі қозағалатын бағыттарының бірі. Бұл орайда жолаушылардың игілігі үшін өтіп бара жатқан наурыз айында бұрын-соңды болмаған бірқатар елеулі іс-шаралар орын алды. Барлығы да жолаушылар игілігі үшін.

Мәселен, аурыз айының орта шенінен бастап «Нұрлы жол - Семей» бағытында жаңартылған RWS Wagon компаниясының заманауи жайлы вагондары қолданысқа енгізілген болатын. Осылайша, барлығы 9 вагоннан тұратын пойыз толыққанды жаңарған еді. Осынау жағымды жаңалық жалғасты болып, жуырда тағы бір ерекше жайт орын алды. Атап айтсақ, «Транстелеком» АҚ ұсынған Starlink спутниктік ғаламтор желісі ендігі аралықта №122/121 Астана-Семей жолаушылар пойызында да қолжетімді болып отыр. Өткен наурыз мерекесі күндері аталған пойызда заманауи «Цифрлық вагон» пилоттық жобасы ресми түрде іске қосылды.

Айта кетерілігі, бұл жоба әзірге тек екі вагонда ғана жүзеге асырылуда. Бұл ретте вагондардағы Wi-Fi желісі және әр орынның жанында орналасқан USB-розеткалар жолаушыларға үнемі сыртқы әлеммен байланыста болып, оқу, жұмыс істеуге мүмкіндік беруде. Осылайша жолаушылар жол барысында интернетті еркін пайдаланып, фильмдер мен сериалдар көре алады, кітап оқып, ойын ойнап, түрлі пайдалы ақпараттарға қол жеткізе алады. Ғаламтор қызметі тегін әрі  қолжетімді.  

«Жаңа жоба сапарды мейлінше жайлырақ етіп, жол үстінде цифрлық мүмкіндіктерді кеңейтуге бағытталып отыр. Ал, алдағы уақыттарда нәтижесіне қарай жоба ауқымын кеңейту жоспарлануда. Бұл бастама теміржол көлігіндегі цифрлық мүмкіндіктерді арттыруға және жолаушыларға мейлінше қолайлы жағдай жасауға бағытталып отыр» делінген «Транстелеком» АҚ таратқан ақпаратта.

Бұл тестілеудің алғашқы кезеңі. Алдағы уақыттарда шығысқа қатынайтын барлық пойыздарға жоғары жылдамдықтағы спутниктік интернет орнату жоспарлануда. Жаңа жоба теміржол көлігін цифрландыруды дамыту аясында жүзеге асыруда.

Тоқтала кетсек, осыған дейін «Жолаушылар тасымалы» АҚ Eutelsat OneWeb, Jusan Mobile және Kaztechnology-мен серіктестікте №67/68 «Астана – Өскемен» пойызында да жоғары жылдамдықты спутниктік интернетті іске қосқан болатын. Аталған жаңалықтардың барлығы сөз жоқ, туристер нөпірі мол ел шығысындағы жолаушылар тасымалындағы қызмет сапасының жақсарғанының айғағы.  

Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды