Теміржолдағы технологиялық серпіліс

Цифрландыру
27.02.2026, 09:00
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорданың солтүстігіндегі Сексеуіл-Қоскөл телімінде сигнализация мен байланыс жүйесінің ЦАБ-АЛСО-QRA заманауи жаңа құрылғысы қолданысқа енгізілді. Бұл – аймақтағы қозғалыс қауіпсіздігінің сапалы жаңа деңгейі басталды деген сөз.

Қазалы сигнализация және байланыс дистанциясының жоғарыда аталған телімінде автоматты локомотивтік сигнализация құрылғысының дербес құралы ретінде ЦАБАЛСО-QRA жүйесін енгізу бойынша кешенді жұмыстар аяқталу сатысында. Аталған жүйені енгізу осы учаскедегі теміржол инфрақұрылымының жұмыс сенімділігін арттыруға, пойыз қозғалысын бақылауды күшейтуге, қозғалыс интервалдарын қысқартуға және жүк тасымалы көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

– Телім блок-учаскелерге бөлініп, автоматты локомотивтік сигнализация дербес сигнализация және байланыс құралы ретінде іске қосылды. Енді пойыз қозғалысы локомотивтік бағдаршамдардың көрсеткіштерімен реттеледі, – деп жағымды жаңалықпен бөліскен Қазалы сигнализация және байланыс дистанциясының бастығы Арнұр Дінахметов жаңа құрылғылардың мінсіз қызмет етуі үшін барлық жұмыс дәлдік баптау, ретке келтіру, параметрлерді өлшеу, тексеру секілді барлық технологиялық талаптарға сай атқарылғанын білдірді.  

Сексеуіл станциясы мен №10 бекет аралығындағы бұрынғы жартылай автоматты блоктау (ПАБ) дәуірі тарих қойнауына кетті. Оның орнына заманауи, жоғары сенімді ЦАБАЛСО-QRA жүйесі енгізіліп, қозғалыс қауіпсіздігі мен өткізу қабілетінің жаңа кезеңі басталды. Бұл – Қазалы сигнализация және байланыс дистанциясы теміржолшыларының кәсіби білімі мен табанды еңбегінің нақты жемісі.  

– Микропроцессорлық орталықтандыру (МПЦ-QZ) жүйесіне цифрлық модуль-ЦМ КРЦ интеграцияланып, тональді жиіліктегі рельс тізбектері арқылы жол учаскелерін кодтау ұйымдастырылды. АЛСН кодтық сигналдарын тарату, сала автоматикасы мен сигнализация жүйесінде рельс арқылы берілетін электрлік сигналдарды қабылдайтын құрылғылар мен генераторларды баптау, интерфейстік құрылғыларды микропроцессорлық орталықтандыру жүйесімен (МПЦ) дұрыс байланыстырып, олардың өзара үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету – мұның бәрі СОБ саласының жоғары дәлдікті талап ететін күрделі процестері. Бұрын ПАБ кезінде бір ғана пойызға рұқсат берілсе, енді автоблокировка бірнеше пойыздың арақашықтығын сақтай отырып қозғалуына мүмкіндік береді. Бұл – интервалдың қысқаруы, өткізгіштік қабілеттің артуы және жүк айналымының ұлғаюы деген сөз. Сонымен қатар қорғаныш блок-учаскесінің енгізілуі пойыздың соңғы вагоны толық босамайынша келесі құрамға рұқсат бермеу арқылы қауіпсіздікті еселей түседі, – деп сөзін жалғастырды дистанция бастығы Арнұр Дінахметов.  

Жобаны жүзеге асыруға Қазалы дистанциясының 42 маманы жұмылдырылған. СОБ, байланыс, радиобайланыс және КТСМ бағытындағы электромеханиктер бірлесе отырып, рельс тізбектерінің тұтастығын тексеру, кодтау параметрлерін өлшеу, АЛСН сигналдарының қателікті азайтуы үшін дәлдеп баптау жасау, релелік схемаларды оңтайландыру сынды жауапты жұмыстарды атқарылған. КТСМ құрылғылары арқылы пойыз құрамының техникалық жай-күйі бақылауға алынып, радиобайланыс арнасы тұрақтандырылған. Әрбір блок-учаскенің оқшаулау кедергісі, ток параметрлері мен сигнал деңгейі нормативке сәйкестендірілген. Бұл – тек монтаж емес, бұл – инженерлік ой мен тәжірибенің үйлесімі.  

Жобаны үйлестіруге дистанция бастығы өзі басшылық жасады. Бас инженер Ж.Досжанов техникалық шешімдердің дәлдігін қамтамасыз етіп, МПЦ интеграциясы мен рельс тізбектерін баптау жұмыстарын жеке бақылауына алған. Ал орынбасарлар О.Пазылбеков, Ж.Қартабаев және Қ.Есқараев өндірістік процестің үздіксіздігін бақылауда ұстап, еңбек қауіпсіздігін және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүйелі ұйымдастыра білген.  

СОБ электромеханиктері релелік тәуелділіктерді қысқартып, цифрлық шешімдерді енгізсе, байланыс мамандары деректерді тұрақты жеткізу арнасын қалыптастырды. Радиобайланыс қызметі диспетчерлік және локомотивтік байланыстың үздіксіздігін қамтамасыз етті. КТСМ мамандары қозғалыс қауіпсіздігін бақылауды жаңа деңгейге көтерді.  

– ЦАБ-АЛСО-QRA – бұл жай ғана жаңа құрылғы емес, бұл – қозғалыс қауіпсіздігінің сапалы жаңа деңгейі. Біз перегондағы әрбір рельс тізбегін, әрбір кодтық сигналды жауапкершілікпен тексердік. Біздің басты мақсатымыз – пойыз қозғалысының тұрақтылығы мен сенімділігін қамтамасыз ету, – деп атап өтті жобаны енгізуге атсалысқан мамандар.

Сонымен бүгіннен бастап Сексеуіл – 10-бекет аралығы заманауи автоблокировкамен жабдықталған сенімді теміржол учаскесіне айналды. Ал оның артында Қазалы дистанциясының білікті де жанкешті теміржолшыларының маңдай тері мен кәсіби шеберлігі тұр.  

Қауіпсіздік
14.08.2026
Сексеуіл мен Аралда ауқымды рейд өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
Теміржолшылар Құрылтай сайлауының маңызын талқылады
ҚТЖ келбеті
14.08.2026
«Алтын кітапқа» арқау болған теміржолшы
Инфрақұрылым
14.08.2026
Орта дәліз кәсіподағын дамыту – ортақ міндет
Жаңалықтар
14.08.2026
Арнайы пойыз жолға шықты
Әлеумет
14.08.2026
Жаз қызығы жалғасуда
Спорт
14.08.2026
Маңғыстауда аңызға айналған теміржолшы Сағынай Қошқарбаевтың мерейтойына орай турнир өтті
Спорт
14.08.2026
Шу станциясында теміржолшылар арасында тораптық жарыс өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы электр орталықтандыру маневрлік бекетінде болып, Астана-1 вокзалының құрылыс барысымен танысты
Жаңалықтар / Мұрағат
14.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №64 14 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
13.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ-ның локомотив паркі 146 заманауи локомотивпен толықты
Әлемде
13.08.2026
Қытай теңіз бағыттары үшін контейнерлерді екі қабатпен таситын алғашқы пойызды іске қосты
Жаңалықтар
13.08.2026
Теміржол өткелінде көлік істен шығып, жүк пойызы шұғыл тоқтауға мәжбүр болды
Аймақтар
13.08.2026
Абай облысында 8 теміржол вокзалы жаңғыртылуда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан жүк тасымалы көлемін арттыру шараларын пысықтауда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты дамытуда
Аймақтар
12.08.2026
Түлкібас теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлемде
12.08.2026
Бавария алғашқы сутекті пойызын желтоқсанда іске қосады
Жаңалықтар
12.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы локомотив және жолаушылар паркімен танысты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Спартакиадада тарихи жеңіске жеткен спортшылар командасын құттықтады