Жасанды интеллект қолданыста

Цифрландыру
05.06.2026, 08:58
Сурет: iStock
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ел Президенті жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесінде ауқымды цифрлық жобалар қолға алынды. Бөлімше әзірлеген жобалар тек өңірде ғана емес, бүкіл ҚТЖ жүйесінде қолданысқа енгізілуде.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесінің басшысы Бөріхан Беркімбаевтың айтуынша, мұндағы басты бағыттардың бірі – нормативтік-техникалық құжаттарды цифрлық форматқа көшіру. Қазіргі уақытта станциялардың техникалық-өкімдік актілері, технологиялық карталар, жергілікті және уақытша нұсқаулықтар жиналып, корпоративтік ақпараттық порталға орналасқан. Құжаттарды тұрақты жаңарту жұмыстары да жалғасуда.  

Бөлімше қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын цифрландыру жұмыстары да қолға алынған. Бүгінде құжаттардың 50 пайызы «ҚТЖ-МП» мобильді қосымшасына жүктелді. Қалған бөлігі кезең-кезеңімен енгізілуде. Бұл тәжірибені кейін бүкіл ҚТЖ бойынша тарату жоспарланған.  

«Мемлекет басшысы 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады. Осыған орай бөлімшеде өндірістік үдерістерді жетілдіру, құжат айналымын цифрландыру және қызметкерлердің біліктілігін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қызметкерлеріміз цифрлық технологияларды енгізу бағытында елеулі нәтижелерге қол жеткізді. Бұл жұмыстар тек бөлімше деңгейінде ғана емес, бүкіл ҚТЖ жүйесінде қолданылып жатқан жобаларды қамтиды. Бүгінде ҚТЖ-МП мобильді қосымшасын ҚТЖ бойынша 25 мың қызметкер пайдаланса, оның 5 мыңы – Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесінің қызметкерлері. Бұл цифрлық шешімдердің тиімділігін және олардың қызметкерлер арасында сұранысқа ие екенін көрсетеді», – деді Б.Беркімбаев.  

Ақтөбелік теміржолшылар әзірлеген тағы бір маңызды жоба – мобильді қосымша арқылы онлайн тестілеу жүйесі. Қызметкерлерді оқытуға арналған бағдарлама аясында әр мамандыққа бейімделген тест сұрақтары жаңартылды. Алғашқы сынақ тестілеуіне мақсатты аудиторияның 70 пайызы қатысып, жоғары нәтиже көрсетті. Қызметкерлерге тестті бірнеше рет тапсыру мүмкіндігі берілген. Оқыту сапасын арттыру үшін жасанды интеллект те қолданылуда. Ол тест сұрақтарының мазмұнын жеңілдетіп, түсінікті етуге көмектеседі.

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды