Сандық жүйенің жемісі

Цифрландыру
26.06.2026, 09:25
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Елімізде қызмет көрсету саласын сандық жүйеге көшіру бұрынғы қағазбастылықтан арылтып, халыққа қолайлылық туғызды. Соның ішінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Цифрлық теміржол» стратегиясын іске қосқалы бұл салада ауыз толтырып айтарлықтай жетістік бар.

Стратегия Компанияның бизнес моделін цифрландыруды және барлық негізгі операциялық сегменттерге жаңа технологияларды енгізуді қарастырады: жүк және жолаушылар тасымалы, инфрақұрылым және көліктік логистика, ІТ дамыту және басқару үшін үздік әлемдік стандарттар мен практиканы қолданады. Технологиялық үрдістердің дамуына сәйкес, аймақта, Атырау жүк тасымалы және Магистральды желі бөлімшелерінде станциялардың жұмысын жақсартуға ерекше көңіл бөлініп отыр.  

Мәселен, Ресейдің Астрахань қаласымен шектесетін Ақсарай-2 мемлекетаралық түйіспе пунктінде Қазақстан бойынша экспедиторлардан транзиттік төлемдерді уақтылы алу мақсатында жүк кассирлері мен пойыз қабылдаушыларға арнап автоматтандырылған қосымша жұмыс орындары бар. Бұл шекарада еңбек ететін қазақстандық теміржолшылар үшін жүйелі жұмыс тәсілі болып табылады. Сондай-ақ, Бәйтерек және Бек-бике станциялары бойынша да пойыздар және вагондармен атқарылған жұмыстардың мәліметтерін ақпараттық жүйеге мерзімінде өткізу мақсатында станция кезекшісіне арнап қосымша автоматтандырылған жұмыс орындары қамтамасыз етілді.  

«Бұрын қанша вагоннның келіп кеткені, станция жұмысына қатысты басқа да мәселелер телефон байланысы арқылы айтылса, енді барлық ақпарат автоматты түрде компьютерде көрініп тұрады. Яғни, аталған станцияларда ГИД Урал жүйесі орнатылып, пойыздар қозғалысы, жұмысты жоспарлау және вагондарды өңдеу туралы жедел ақпарат беруге мүмкіндік ашылды. Ақжайық станциясында да АСУ-Узел жүйесі енгізіліп, ол вагондар мен пойыздар жұмысын ұйымдастыруды, жүкті түсіру не тиеу бойынша ақпаратты жеделдетуге мүмкіндік берді. Ал, Сағыз станциясынан Ганюшкино станциясына дейінгі жол телімі ВОЛС желісіне қосылып, мұнда да ақпаратты үлкен көлемде және шұғыл беруге жағдай жасалды. Теңдік станциясында да радио, телефон байланысы, станция паркіне таралатын дыбыскүшейткіш, машинистермен байланыстың бәрі соңғы үлгідегі қондырғылармен жабдықталған. АПС, АЛСН құрылғылары да қолданыста бар. Жаңа технологиялардың өндіріске енгізілуі жұмыс өнімділігіне қарқын беріп отыр. Биылғы жылы да осындай жұмыстар жалғастырылып, қызмет аумағы кеңейе түсуде», – дейді бөлімшенің СОБ және электрмен қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Амангелді Бержанов.  

Сонымен қатар Құлсары, Атырау сигнализация және байланыс дистанцияларында Мақат-Құлсары учаскесі бойынша Бек-Бике разъезінде, Құлсары-Бейнеу учаскесінде Қоркөл станциясында, Атырау-Ақсарай учаскесі бойынша Тұманды мен Д.Нұрпейсова бекеттерінде, Атырау-Қиғаш телімінің Аққыстау, Исатай, Афанасьево бекеттеріне пойыз қозғалысы кезінде жылжымалы құрамның техникалық жағдайын автоматты түрде бақылауға арналған жаңартылған контейнерлік техникалық жабдықтар кешенінің жүріс модульдері орнатылды. Инфрақұрылымды жақсарту, байланыс саласын модернизациялау бойынша Атырау, Ақжайық сигнализация және байланыс дистанцияларында Атырау, Махамбет, Мақат станцияларындағы Электрлік орталықтандыру кешенінде қызмет ету мерзімі өткен қуат панелдерін ауыстыру жұмыстары да жүргізілген.

 

Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты