Сандық технологиялар шеруі: темір жолды цифрландыру туралы көрме ашылды

Цифрландыру
24.05.2019, 14:59
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы қабырғасында үш күн қатарынан өтіп жатқан көрме аясында «Темір жолды цифрландыру» тақырыбындағы конференцияны «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының HR және корпоративтік мәселелер жөніндегі орынбасары Серік Әбденов ашты. Цифрландыру дәуірінде және бәсекелестік кезеңінде жаңашылдықтардан темір жол саласы да тыс қала алмайтынын айтқан ол көрмеге қатысушыларға алғыс білдіріп, конференция жұмысына сәттілік тіледі.

Конференция тізгінін қолына алған ұлттық компанияның бас инженері Батыр Котырев Қазақстан темір жолында бұрыннан бар рационализаторлық қызметтің жаңа деңгейге шыққанын, яғни, енді сондай тың идеялар арқылы бизнес-жобалар жасау мүмкіндігіне тоқталып, сандық технологиялар шеруіне теміржолшылар да үн қосатынын жеткізді. Кезек баяндамашыларға берілді.

Жедел технологиялық байланысты ұйымдастырудың LTE технологиясы бойынша мәліметтер таратудың сымсыз желісін ұйымдастыру туралы баяндаған «Транстелеком» АҚ телекоммуникациялар бойынша вицепрезиденті Руслан Манатаев аталған технологияның Қазақстан темір жолы үшін не беретініне тоқталды. Оның айтуынша, нақты уақыт режимінде жылжымалы құрамды бейнебақылауда ұстау, пойыздар қозғалысын реттеуге арналған автоматика сервистерін осы жобамен жүзеге асыру мүмкіндігі бар.

Вагон жасау ісінде IT-технологияларды қолдану туралы «Бірлескен вагон компаниясы» ғылымиөндірістік корпорациясы» КАҚ ғылыми техникалық даму жөніндегі бас директорының орынбасары Анна Орлова мәлімет берді. Ал цифрлық трансформацияға концептуалды тәсілдер тақырыбын «НИИАС» АҚ бас директорының орынбасары Алексей Замышляев көтерді.

Өздеріндегі тәжірибені таныстырған шетелдік қонақ, «Беларусь темір жолдары» МБ конструкторлықтехникалық орталық бастығы Федорцов Михаил өз елінде тасымал процесін ұйымдастырудағы цифрлы технологиялардың дамуы туралы айтып берді. Теміржол көлігінде клиентке бағдарлану негіздері жайында «Кешенді көліктік мәселелер бойынша ғылыми зерттеу орталығы» ЖШС бас директоры Болат Жәрдемов те тұшымды ақпа- рат берді.

Сондай-ақ теміржол индустриясындағы озық цифрлы технологиялар жөнінде GE Transportation цифрлы технологиялар бойынша аймақтық лидері Жеңіс Ерғалиев әңгімелеп бер ді. Одан әрі темір жолдағы автоматика және телемеханика құрылғылары мен жүйені дамыту бойынша инновациялық міндеттерді шешудің кешенді жолдары тақырыбына «Біріккен электротехникалық зауыттар» ААҚ бас инженері Евгений Гоман тоқталды.

– «ҚТЖ» ҰК» АҚ біздің басты тапсырыс берушіміз болып табылады. Бүгінде біз өткен жылы күзде «Трансмашхолдинг» бас директоры мен «ҚТЖ» акционерлік қоғамы басшылығы арасында қол қойылған меморандумның жалғасы ретінде ұлттық компаниямен белсенді жұмыстар жүргізудеміз. Осы көрме шеңберінде біз станцияны басқару жүйесі бойынша пилоттық енгізу туралы келісімге келдік. Бұл жобаны жылдың аяғына дейін аяқтауды көздеп отырмыз, – деді «ЛокоТех –Сигнал» ААҚ бас директоры Андрей Романчиков.

Конференция шеңберінде бұдан басқа темір жолды цифрландыруда қажетті ауқымға қол жеткізу жолдары, Цифрлы темір жолдың құрамдас бөлігі ретінде диагностика жүйесін қарастыру, АСУ жобасы аясында мобильді технологиялық кешендерді енгізу, темір жолда төтенше жағдайлар орын алған жағдайда кең жолақты радиобайланысты ұйымдастыру, темір жол бизнесі ІТ инфрақұрылымы үшін Huawei шешімі мәселелері көтерілді. Конференция соңында ынтымақтастық туралы құжатқа қол қойылды. 

Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды