Құрылымдық өзгеріске дайын

Цифрландыру
02.06.2020, 12:12
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау белгі беру және байланыс дистанциясында алдағы уақытта бірқатар өзгерістер болады деп жоспарлануда. Дистанцияда жыл басынан бері диспетчерлік орталықтандыру посттарын жаңарту және көшіру жұмыстарына дайындықтар жүргізілуде. Яғни, мекемеге қарайтын станциялардың диспетчерлік посттары енді Ақтөбедегі орталықтан басқарылатын болады.

Қазір сол жұмыстарға әзірлік кезеңі жүруде. Қажет құрал-жабдықтар мен құрылғылар алынып, мекеме жұмысшылары диспетчерлік орталықтандыру посттарын жаңартудың қарекетінде.

− Дистанцияда диспетчерлік орталықтандыру посттарына жататын Маңғыстау-Опорный-Оазис МПДЦ (Диалог), Бейнеу-Маңғыстау МПДЦ (Диалог), Маңғыстау-Өзен байланыс телефон құралдарымен қамтылған. Өзен-Болашақта – «Ebilok-950» заманауи жаңа жүйесі. Бұл жүйелермен жұмыс ешқандай қиындық туғызбайды, бәрі өз деңгейінде жұмыс істеп тұр. Дегенмен хабарлама бақылау жоқ станция-бекеттер де бар.

Бұрын Қарақия, Жетібай станциясы мен «Р» бекетінде пойыз қай жерде кетіп бара жатыр, станция кезекшісі қандай маневр жасауда, оны диспетчерлеріміз көре алмайтын.

Енді жаңа құрылғыдан оны көріп, біліп отыру мүмкіндігі туады.

Қондырылатын АСДЦ құрылғысы арқылы диспетчерлер барлық жұмысты Ақтөбеден басқара алады. Қазірде осы аталған жұмыстарды жүзеге асыру үстіндеміз.

Сол жоспарға алынған жұмыстарды жоба бойынша көп ұзамай орындап тапсыруға күш салудамыз. Маңғыстау белгі беру және байланыс дистанциясы Ақтөбе қаласына диспетчерлік жұмыстарын көшіруге бүгінде толықтай дайын, – дейді бұл туралы мәлімет берген дистанция бастығының орынбасары Сәкен Қосымов.

Дистанция бүгінде 738,5 км жол бойына қызмет көрсетеді. Соның ішінде Бейнеу-Маңғыстау аралығы 404 км ЦАБ АЛСО, Маңғыстау-Өзен 179 км телефон басқару қондырғысы, Өзен-Болашақ телімі 146 км МПЦ «Ebilok-950» радиоблокировка СИРДПЕ, Боржақты-Ерсай-Құрық порты 28 км дистанцияда КТСМ, радиопойызды немесе күрделі дыбысты байланыстар, диспетчерлік және электрлік орталықтандыру құрылғыларымен қамтылған.

Сондай-ақ, барлығы автоматты түрде белгі беру өткелімен жабдықталған 40 темір жол өткелі бар. Оның төртеуінде автоматты шлагбаум орнатылған.

− Басты міндетіміз – әрине, дистанция аумағына кіретін автоматика, телемеханика, байланыс құрылғыларының үздіксіз жұмысын қадағалау арқылы пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сондықтан сол міндетімізге сай қазіргі уақытта Бейнеу-Маңғыстау-Болашақ телімдері мен Боржақты-Құрық порты бойынша автоматика, телемеханика, байланыс, радио, КТСМ құрылғыларының ақаусыз жұмыс жасауына қызмет көрсетудеміз. Белгі беру және байланыс жұмыстарымен пойыздар қозғалысының қауіпсіздік кепілі бағдаршамнан бастап барлық құралдардың ақаусыз жұмыс істеуіне мүдделіміз, – дейді Сәкен Қосымов.

Қазір дистанцияда 247 адам еңбек етуде. Осы жылы 3 жас маманмен толыққан. Өндіріске жаңадан келген жастардың, жалпы мекеме жұмысшыларының білім деңгейін көтеруге ұдайы көңіл бөлінеді. Бірақ елдегі қазіргі жағдайға орай әзірге бұл бағыттағы жұмыстар уақытша тоқтап тұр, барлық іссапарлар кейінге қалдырылған.   

Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде