Қазақстан темір жолы: ақпараттық және цифрлық технологиялар дәуірінде

Цифрландыру
01.06.2021, 11:09
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «KAZLOGISTICS» Қазақстанның көлік одағының ұйымдастыруымен zoom платформасында теміржол көлігіндегі ақпараттық және цифрлық технологияларды дамыту мәселелері жөнінде дөңгелек үстел өтті. «KAZLOGISTICS» көлік одағы корпоративтік қорының тапсырысымен «Жүк тасымалы бойынша темір жол жылжымалы құрамын қолданудың тиімділігін арттыру жолдарын талдау және оны тұтыну көлемін анықтау тәсілдерін жасау» атты зерттеу жобасы жүзеге асырылуда. Осыған байланысты өткен шараға еліміздегі көлік және логистика саласының 200-ге жуық өкілі қатысты. Модератор қызметін атқарған «KAZLOGISTICS» Қазақстанның көлік одағы Президиумы төрағасының орынбасары Юрий Лавриненко сөз бастап, дөңгелек үстелді ашты. Жиында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас директоры Қанат Көбесов темір жол тасымалы үдерісінде қолданылатын автоматтандырылған жүйелер туралы баяндады. Оның айтуынша, серіктестік тасымал қызметі тиімділігін арттыру бағытында негізгі операцияларды автоматтандыруда қағазсыз технологияларға көше және заманауи шешімдер мен цифрлық тетіктерді қолдану әдістеріне ерекше назар аудара отырып өзінің бизнес-үлгісін жасап жатыр. Бұл тәсіл дер кезінде әрекет етуге, сонымен қатар компанияның бизнес- операцияларын барынша айқын етуге септік етеді. Осылайша ол серіктестіктің цифрландыру саласындағы негізгі мақсаттарын тізіп берді. – Бүгінгі таңда серіктестік 43 ақпараттық жүйенің бизнес-қожайыны болып отыр, соның ішінде тасымал үдерісін ұйымдастырумен байланысты жүйелер де бар. Ақпараттық жүйелер қызметінің арқасында тасымалды басқарумен, станция, локомотив және вагон деполары жұмысын ұйымдастырумен, тасымал жоспарын құрумен байланысты бизнес-үдерістер дамиды, – деген ол одан әрі «Жүк тасымалы» бизнес-үдерісін ұйымдастырудағы негізгі ақпараттық жүйелер болып табылатын шешімдер туралы айтып берді. Атап айтқанда, 2017 жылдан бері іске қосылған АСУ ДКР, яғни «Келісімшарттық және коммерциялық жұмыс» автоматтандырылған басқару жүйесін – Қазақстан теміржолының цифрландыру бағытындағы ең үлкен жетістігі деуге болады. Бүгінде бұл жүйе Қазақстанның 456 станциясына енгізілген. Соның ішінде 15 түйісу нүктесі де бар. Жүйе жұмысын 51 мың адам қолданады, оның 35 897-сі клиенттер болса, 14 488-і – теміржолшылар. Ал 423-і – жеке меншік иелері, 900-і – экспедиторлық ұйымдар. Серіктестік басшысы жүйенің артықшылықтары мен сол арқылы жеткен жетістіктерді баяндады. Мәселен, қазір осы жүйенің арқасында тасымалды республика ішінде қағазсыз технология арқылы ресімдеу үлесі 93,5% болды. Тағы бір тоқталған заманауи шешім АСУ ЭДТ туралы еді. Оны тарқатып айтқанда, «Энергодиспетчерлік тартым» автоматтандырылған басқару жүйесі деп аталады. Бұл жүйе 2011 жылдан бері қолданыста. Оның басты мақсаты – пойыз тартымына қажет ТЭР шығынын азайту. Екі кезеңге бөлініп өткен дөңгелек үстелде кезегімен сөз алғандар қатарында «Атамекен» ҰКП логистика және тасымал комитеті көліктік логистика саласы бойынша ішкі комитет төрағасы Ерхат Искалиев те болды. Ол көлік үдерістерін кешенді басқару саласындағы ақпараттық және цифрлық технологияларға тоқталды. «KAZLOGISTICS» көлік одағы Президиумының мүшесі Эдуард Каплан «Заманауи логистикалық трендтер: интеграцияға және цифрлық аутсорсингке арналған курстар» тақырыбында сөз сөйледі. Ал «ҚТЖ» ҰК» АҚ Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясы филиалы директорының инфрақұрылымды дамыту жөніндегі орынбасары Айзек Жұланхан пойыздар қозғалысын басқару бойынша аймақтық орталықтар құру жөнінде сөз қозғады. Еуразиялық көлік дәліздерін цифрландыру туралы Темір жол көлігі мәселелерін зерттеу институтының Президенті П.Иванкин мәлімдесе, Цифрлы көлік дәліздерін электронды логистиканы құрудың ақпараттық негізі ретінде қарастыру жөнінде Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясының компьютерлік технологиялары және логистика кафедрасының меңгерушісі Г.Кенжебаева баяндады. Сонымен қатар Орал мемлекеттік жол қатынасы университетінің профессоры Н. Тушин темір жол көлігі инфрақұрылымын дамытуды имитациялық модельдеу тақырыбын көтерді. ЛокоТех-Сигнал бизнесті дамыту жөніндегі директоры А.Кейян пойыздар қозғалысын басқарудың кешенді цифрлық жүйесі деген мәселені ортаға салды.

Аймақтар
26.06.2026
Риддер және Шемонаиха станцияларында теміржол вокзалдары жөндеуден кейін қайта ашылды
Аймақтар
26.06.2026
Жаңаесіл және Саумалкөл теміржол вокзалдары қайта жөндеуден кейін ашылды
Жаңалықтар
26.06.2026
Шу және Есіл деполарының локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде соқтығысудың алдын алды
Жаңалықтар
26.06.2026
«KAZLOGISTICS» бас директоры Шанхайдағы халықаралық форумда елдің көлік әлеуетін таныстырды
Станция тынысы
26.06.2026
Соңғы станцияның жүгі ауыр
Темір жол тарихы
26.06.2026
Теміржолдың жырын жырлап, мұңын мұңдаған қаламгер
Жаңалықтар
26.06.2026
Ляньюньган қаласының делегациясы Ақтау портына барды
Жолаушылар тасымалы
26.06.2026
Төрт Тальго пойызында вагон-мейрамхана қызметі іске қосылды
Аймақтар
26.06.2026
Атырау облысында бес вокзал дайын
Аймақтар
26.06.2026
Күрделі жөндеу – кәсібилер қолында
Цифрландыру
26.06.2026
Сандық жүйенің жемісі
Инфрақұрылым
26.06.2026
Қазақстандық және өзбек теміржолшылары түйіспесіз жолды ұстап тұру тәжірибесімен алмасты
Жаңалықтар / Мұрағат
26.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №49 26 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
25.06.2026
ҚТЖ-да темір жолдағы қауіпсіздікті арттыру шаралары талқыланды
Жаңалықтар
25.06.2026
Бурабай курорты теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Әлемде
25.06.2026
Трансауған магистралінің құрылысы 2027 жылы басталуы мүмкін
Қауіпсіздік
25.06.2026
Кірме жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігінде кілтипан көп
Жаңалықтар
25.06.2026
Астана – Семей - Достық пойызында спутниктік интернет іске қосылды
Жаңалықтар
25.06.2026
Қазақстан мен Түрікменстан транзиттік-логистикалық әлеуетті арттыруға уағдаласты
Жолаушылар тасымалы
24.06.2026
ҚТЖ жазғы маусымда танымал туристік бағыттарға 20% жеңілдік ұсынады