Көлік және логистика академиясы «Семей-Ақтоғай теміржол учаскесіне шығатын Қазақстан-Қытай шекарасындағы үшінші шекаралық теміржол өткелінің құрылысы» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін (ТЭН) әзірлеуші болды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жобалаушылар Семей өңіріне келіп, онда құрылыс орнын анықтап, Бақты халықаралық шекара өткелінің инфрақұрылымын жоспарлауға кірісуі керек.

Жұмысқа шекара және кеден қызметтерінің, СЭС және өңірлік экология департаментінің өкілдері қатысуда.

Техникалық-экономикалық есептеулер негізінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерін ашу (жабу), жұмыс істеу (пайдалану), санаттау, сыныптау, жайластыру қағидаларының талаптарына, сондай-ақ техникалық жарақтандыру және олардың жұмысын ұйымдастыру жөніндегі талаптарға сәйкес жаңа мемлекетаралық темір жол өткізу пунктінің құрылысы көзделетін болады.

Ұзынқұрамды пойыздардың тоқтаусыз өтуін ұйымдастыру үшін қабылдау-жөнелту жолдары мен құрылғылары бар бөлек пункттер жобаланған.

Сондай-ақ, қолданыстағы темір жол желілерін жаңғырту, Аягөз, Шар, Жырғалы станцияларын және Ақтоғай-Аягөз темір жол учаскесінде орналасқан бірқатар разъездерді дамыту көзделіп отыр.