ҚТЖ биыл 1,2 мың км жолға жөндеу жұмыстарын жүргізеді

Инфрақұрылым
07.02.2023, 09:10
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Биылғы жылы «ҚТЖ» ұлттық компаниясы темір жолдарды сауықтыру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыратын болады. Атап айтқанда, 1218 км жолға әртүрлі жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Соның ішінде 567 км жол күрделі жөндеуден өтеді.

Жол және құрылыстар департаментінің мәліметінше, күрделі жөндеу жүргізу кезінде пайдаланылатын жолдың жоғарғы құрылымы материалдарының бәрі отандық өнімдер болып табылады. Болат табанды жолдардың негізін қалаушы темірбетон шпалдар «КазШпал» АҚ, «БЕНТ», «NORD Пром НС», «Магнетик» сынды отандық кәсіпорындардың шпал зауыттарынан шығарылса, жолдың астына төсейтін балласт жергілікті шағыл тас зауыттарында өндіріледі. Ал рельстер әрине Ақтөбе рельс-арқалық зауытының өнімдері болып отыр. Тек металл бұйымдары – нығайтқыштар Ресейден сатып алынады.  

«Жолға күрделі жөндеу оның сипаты мен мазмұнына қарай жүргізіледі. Осы ретте аталған жөндеу түрін өткізу үшін негізгі критерийлердің бірі жолдың үстіңгі құрылымы материалдарының тозуы мен жарамсыздығын екені белгілі. Әлбетте, бұл фактілер диагностикалық кешендермен темір жолдардың техникалық жағдайын өлшеп, тексеріп өткенде және жол шаруашылығы мамандарының тексеруі барысында анықталып, тиісінше бағаланады. Жыл сайын жазғы жол жұмыстарының көлемі телімдердің өндірістік қуаттылығына, учаскелердің басымдыққа ие болуына және Компанияның қаржылық мүмкіндігіне қарай анықталады», – дейді Жол және құрылыстар департаменті директорының күрделі жөндеу жөніндегі орынбасары Нұрсұлтан Танабаев.  

Ұлттық компания теміржолдарды жаңартып-жаңғырту мәселесін ұдайы назарда ұстайды. Өткен жылы 1084 км жол жөндеу түрлерінен өткен. Соның ішінде 550,6 км жол күрделі жөндеуден өтсе, 533,4 км жол түрлі жөндеуден өткен. Темір жолдарды сауықтыру нәтижесінде 1317 км жол бойында жолаушылар пойыздарының, ал 643,8 км жолда жүк пойыздарының қозғалыс жылдамдығын арттыру қамтамасыз етіліп, бірқатар телімдерде қозғалыс жылдамдығын шектеу туралы ескертпелер алынып тасталған.  

 

Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды